{metadescription}
Ресейде шахтадағы апаттан тірі қалған азамат табылды
Ресейде шахтадағы апаттан тірі қалған азамат табылды

Ресейде шахтадағы апаттан тірі қалған азамат табылды

Ресейде шахтадағы апаттан тірі қалған азамат табылды. Жойқын жарылыстан аман қалған құтқарушы дәрігер екен. Александр Заковряшин қазір дәрігерлердің бақылауында. Ол осыған дейін қаза тапқандардың тізімінде болған.

Кеше Кузбасстағы көмір шахтасында апат болып, 51 адам көз жұмған еді. Құрбандардың қатарында бес құтқарушы бар. Кеншілер түтінге тұншығып жан тапсырған. Төтенше жағдай кезінде жер астында 285 адам жұмыс істеп жатыпты. Қайғылы оқиғаға метан газының жарылысы себеп болған. Тергеу барысында кен орнының директоры, оның бірінші орынбасары мен учаске басшысы қамауға алынды.

Алдын ала мәлімет бойынша ұсталғандарға өндіріс нысандарында қауіпсіздік талаптарының бұзылуына жол берді деген айып тағылып отыр. Шахтада метан концентрациясы әлі де көбейіп жатқандықтан құтқару жұмыстары уақытша тоқтатылды. Осы апатқа байланысты Ресейде үш күн қатарынан қаралы күн деп жарияланды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде