{metadescription}
Алматыда шіріген ағаш су жаңа көліктің тас-талқанын шығарды
Алматыда шіріген ағаш су жаңа көліктің тас-талқанын шығарды

Алматыда шіріген ағаш су жаңа көліктің тас-талқанын шығарды

Алматыда шіріген ағаш құлап, су жаңа көліктің тас-талқанын шығарды. Алып қарағаштың кесірінен қаланың қақ ортасындағы жолда қозғалыс бірнеше сағатқа тоқтаған. Ал бір ажалдан қалған көлік иесі қаладағы ағаш атаулыға жауапты мекемені сотқа бермекші.

Қалдаяқов көшесінің бойында тұрған ағаш тапа-тал түсте ешкім күтпеген жерден түбімен қопарылып түскен. Ақ ұлпаның салмағын көтере алмады дейтіндей қалада қар қалың түспеген. Келіншек жұмысқа келгенде көлігін күнде осы жол жиегіндегі тұраққа қойып жүріпті. Жап-жаңа «Киа» автокөлігі жапырылып қалған. Өзі кеңседе отырып аман қалды. Енді сол маңдағы тұрғындар өзге де тізіліп тұрған ағаштардың қурағанын айтып, құлап кетуінен қорқады.

Нұркен Ақмырза, Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының бас маманы:

- Тамыры шіріп құрғап кеткен, механикалық және антропогендік ықпал болмағандығы нақтыланды. Қазір ағашты ТЖ органдары мен мердігер ұйым өз күштерімен оқиға орнынан алып тастады. Құлаған ағаштың жанында өсіп тұрған жасыл желектердің жағдайын тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде