{metadescription}
Ақтөбеде көпқабатты үйдің қабырғасы опырылып қалды
Ақтөбеде көпқабатты үйдің қабырғасы опырылып қалды

Ақтөбеде көпқабатты үйдің қабырғасы опырылып қалды

Ақтөбеде көпқабатты үйдің қабырғасының бір бөлігі опырылып құлады. Жанынан өтіп бара жатқан екі тұрғын қашып үлгерген. Осындағы тұрғындар қазір үйінді астында қаламыз ба деп үрейленіп отыр.

Қабырғасы құлаған үймен қатар тұрған тағы төрт үйді 20 бұрын тұруға жарамсыз деп таныған. Бірақ сол уақыттан бері жергілікті билік алпыс отбасын көшіретін жер таппапты. Апатты үйдегі жұрттың жайын КТК тілшісі көріп келді.  

Қания әжей келіні мен немересінің аман қалғанына шүкір деп отыр. Балалары кіреберістен шыққан сәтте үйдің кірпіш қабырғағы сөгіліп, опырылып құлаған. Сәл кештеу шыққанда басына тас тиіп жазым болар еді дейді.

Қания Әжғұлова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Құдай сақтаған. Немерем тек артынан шыққан, келінімнің бір жағына тастар тиіпті. Ал үлкен үлкен темірлер жатыр. Күнде осылай үркіп жүрміз. Опырылып құлағанда да біз қорқамыз, айналайын. Білмеймін, енді не істейтінімізді. Жүрегіміз шайылып болды.

Әкімдіктен келген комиссия құлаған жарды қарап кеткен. Одан кейін еш хабар бермепті. Осы үймен қатар тұрған көп пәтерлі төрт үйдің де жағдайы оңып тұрған жоқ. Шатыры шіріп, қабырғасы сөгіліп жатыр. Жазда екінші қабаттағы үйдің ваннасы опырылып, бірінші қабатқа бір-ақ түскен.

Қатар тұрған төрт үй мен баракты кезінде түрмеде жұмыс істейтін әскерилер үшін салған. Бірақ 20 жыл бұрын жергілікті билік бес үй де адам тұруға қауіпті, апатты деп таныған. Тіпті осындағы 60 отбасын жаңа қонықа  көшірмек болыпты. Бірақ онысы құр уәде болып қалды дейді тұрғындар.

20 жылдың ішінде комиссия бес үйге қатысты үш рет акті толтырған. Бәрі тұрғындарды дереу көшіру керек деп шулағанымен, билік баспана берген жоқ. Әкімдер де уәде беруден шаршамайды дейді ашынған тұрғындар. 

Ерсайын Мырқымбаев, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Сегіз әкім. Бәрін қазір ұмытып қалдым. Архимедтен бастап бәрі келді. Уәде береді. Оразалин келем деп еді, әлі келген жоқ. Оңдасын ба? Бәрі де уәде береді. Бос сөз.

Шенеуніктер Ақтөбедегі Чекалин көшесіндегі бес үйдің тұрғындарына «тағы бір жыл шыдай тұрыңдар» деп отыр. Оларды Қызылжар ауылынан салынатын көпқабатты жаңа үйге көшірмек екен.

Руслан Әжниязов, Ақтөбе қаласы тұрғын үй инспекциясының басшысы:

- Аяқталуы екі кезеңмен болады. Бірінші 20 пәтер беріледі, 1-қыркүйекке дейін. Екінші кезеңі келесі жылдың аяғынан басталып, 2023 жылдың бірінші тоқсанына дейін беріледі, қалған 38 пәтер.     

Ең қызығы, әкімдіктегілер уәде етіп отырған үй құрылысы әлі басталмаған.  Келер жылдың күзіне дейін үлгереміз деп ант-су ішіп отыр. Тұрғындар да амалдың жоқтығынан оған да шыдаймыз дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде