{metadescription}
Атырау облысында оқушылар жаппай ЖРВИ жұқтырып жатыр
Атырау облысында оқушылар жаппай ЖРВИ жұқтырып жатыр

Атырау облысында оқушылар жаппай ЖРВИ жұқтырып жатыр

Атырау облысында тұмау өршіп тұр. Әсіресе мектеп оқушылары арасында жедел респираторлы вирус инфекциясын жұқтырғандар көп. Соның салдарынан үш аптаның өзінде 11 сынып карантинге жабылған.

Маңғыстау облысында да жұртшылықтың басым көпшілігі маусымдық індетке шалдығып жатыр. Алайда батыс өңірде америкалық «Пфайзер» вакцинасына деген сұраныс төмендеп кетіпті.

Ал Шығыс Қазақстан облысында бір аптаның өзінде 10 мыңнан астам балалар мен жүкті әйелдер иммунизациядан өткен.

«Жасыл» аймақта тұрған Атырау облысында үш аптаның өзінде 11 сынып карантинге жабылып үлгерген. Оқу жылы басталғалы 25 мұғалім вирустан айықса, жүзден астам оқушы індет жұқтырыпты. Қазір облыстық инфекциялық аурухана науқастанған жүкті әйелдер мен балаларға лық толы. Ақ халаттылар күн сайын тұмауын асқындырып, ауруханаға 100-ден астам адам түседі. Дегенмен бұл жылда болатын маусымдық жедел респираторлы вирустың бір түрі екенін айтса да, ата-аналар баламыз қауіпті вирус жұқтырды ма деп қорқады.          

Әсия Сейдешова, Атырау облысы жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Алдыңғы жылғы маусыммен салыстырғанда биыл ауырлау. Балалардың қабылдау бөліміне, жалпы ауруханаға келушілер өте көп. Күніне 120-110-ның үстіне науқас келеді. Оның ішінде 25-30-ы ауруханаға жатқызылады. Қалғаны емге жіберіледі.

Маңғыстау облысында да ауырып жатқандардың басым көпшілігі жедел респираторлы вирус инфекциясын жұқтырғандар. Ақ халаттылар балалар арасында Ковид-19 кеңінен таралып кетпес үшін америкалық «Пфайзер» вакцинасын салдырып, үлкендер арасында ревакциналауды күшейту керек деп отыр. Өйткені дертке қарсы препаратты салдыртуға келгендердің қарасы аз. Бүгінде тек 200-ге жуық маңғыстаулық «Пфайзер» вакцинасын салдырған. Оның 102-сі 15 жасқа дейінгі балалар болса, қалғаны екіқабат және бала емізетін әйелдер.

Аманбек Жұмыров, Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Бала емізетін аналарға 74 және жүкті әйелдер 10 доза қабылдады. Ревакциналау да басталды. Екі емханада басталды. Себебі, бізге вакцина басқа облыстарға қарағанда кешірек келуіне байланысты екпеде кешірек басталған. Сол себептен ревакциналауға жататын адам саны біртіндеп көбейеді. Күні бүгінге 21 адам алып отыр. Оның 20-сы медицина саласының қызметкерлері болса, біреуі мемлекеттік қызметкер.

«Жасыл» аймақта тұрған Шығыс Қазақстан облысында өткен тәулікте коронавирус 54 адамнан ғана анықталған. Мамандар науқас санының бәсендеуін жұрттың жаппай екпе алуымен байланыстырып отыр. Себебі, короновирусқа қарсы  екпенің бірінші компонентін тұрғындардың 100 пайызы алдырған. Ал екінші компонентін 7-желтоқсанға дейін салып болу жоспарлануда. Pfizer  вакцинасын бір аптаның ішінде жүкті әйелдер мен балалардың 10 мыңнан астамы қабылдапты.

Дана Ерғожина, Семей қаласы орталық қарау емханасының жалпы тәжірибе дәрігері:

- Қазір жұмадан бастап Pfizer  вакцинасын әкелген. 12-18 жасаралығындағы балалар мен жүкті әйелдерге 16-36 аптасынан бастап және емізіп жүрген аналарға 43 күннен кейін алуға болады деген вакцина келген болатын.

Бір күнде COVID-19 жұқтырғандар қатары тағы 971 адаммен толықты. Ал 13 адам аурудан ажал құшты.

Қазір қауіптің «қызыл» деңгейінде  Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

«Сары» жолақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары ғана қалды. Қалған 2 қала мен 9 өңірде эпидахуал тұрақталған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде