{metadescription}
Хантағы тұрғындары қара түтінге тұншығып отыр – Түркістан облысы  
Хантағы тұрғындары қара түтінге тұншығып отыр – Түркістан облысы  

Хантағы тұрғындары қара түтінге тұншығып отыр – Түркістан облысы  

Түркістан облысында Хантағы ауылының тұрғындары жылдар бойы қара түтінге тұншығып келеді. Кентау қаласын жылытуы тиіс жылу энерго орталығынан шыққан түтін күз бен көктем аралығында бүкіл ауылды улаумен келеді екен. Сондықтан, тұрғындар арасында түрлі аурумен ауыратындар көбейіп кеткен.

Сәрсенкүл Байымбетова, Хантағы ауылының тұрғыны:

- Топан жағады дейді. Осы ТЭЦ-те істейтін адамдардың өздері айтады,  жаман топан көмірді мазутқа араластырып жағады. Ол не болады? Ол елге зиян. Адамдар көп ауырады. Бәрінің басы, қан қысымы, екі үйдің бірі қан қысымынан құлап жатады. Осы түтіннен, жедел жәрдем ылғи шақырады.

Кеңес үкіметі кезінде жылу энерго орталығында сүзгілер болатын деген ел  соңғы жылдар түтіннің мүлдем қарайып әрі  иіс шығатынын байқаған. Бірақ жылу энерго орталығынан  жауап беретін маман табылмады. Есесіне Кентауды жылытуы тиіс орталықты экологтар тексерген екен. Былтыр да, биыл да түтінді тексерген мамандар мұржадан шыққан түтіннен зиянды заттың еселеп артқанын анықтаған. Ал оған жылу орталығындағылардың көмірден пайда тапқысы келгені дейді. Яғни сапалы қымбат көмірдің орнына "Кентау Сервис" мекемесі арзан отын қолданады екен. Осыған байланысты тіпті орталыққа миллиард теңгеге жуық айыппұл салынған.

Дастан Тойметов, Түркістан облысы экология департаментінің бас маманы:

- Қорытынды көрсетілген, сапалы Майкүбе көмірін емес, сапасыз Екібастұз көмірін пайдаланғаны анықталды. Ал Майкүбе көмірінен Екібастұз көмірінің айырмашылығы күл дейміз ғой, содан бөлінетін күлдің қоршаған ортаға келтіретін залалының себебі боп отыр.  985 миллион көлемінде қоршаған ортаға келтірілген залал есептелген себебінен біз бұл істі Түркістан облысы табиғатты қорғау прокуратурасына өткізген болатынбыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.