{metadescription}
Ресейде сотталған қазақстандық блогерлердің адвокаты апелляциялық шағым түсірмек
Ресейде сотталған қазақстандық блогерлердің адвокаты апелляциялық шағым түсірмек

Ресейде сотталған қазақстандық блогерлердің адвокаты апелляциялық шағым түсірмек

Ресейде сотталған қазақстандық блогерлердің адвокаты апелляциялық шағым түсірмек. Сурен Аванесянның айтуынша, үш жігітке кесілген үкім өте қатаң жаза.

Рамир Хасанов, Айдын Түсіпов және Ерсін Дүмшебайдың  әректінен қылмыстық әрекет көрмедім деген адвокат, жәбірленуші талап еткен моральдық шығын өтеліп, кешірім бергенін айтады.

Алайда Мәскеуде пранк жасаймын деп такси көлігін айдап әкеткен үш жігіт үш жарым жылға сотталып, жалпы режимдегі абақтыға аттанды. Ойыннан  от шыққан блогерлердің жай-күйін тілшіміз Мақсат Мәлік тарқатады.

Әлеуметтік желіде ойнақ салған үшеудің Мәскеу соты алдындағы жүзі сынық. Түрлі әрекеттері арқылы күлкіге қарық қылатын блогерлер ойнақтап жүріп от басқанын сезген секілді. Өйткені жеті айға созылған қылмыстық іс  алдын ала сөз байласу арқылы көлікті айдап әкету бабы бойынша қозғалған. Сот ісіне нүкте қойған судья Рамир Хасанов, Айдын Түсіпов және Ерсін Дүмшебайды маңдайынан сипаған жоқ.

Мәскеу қалалық прокуратурасы:

- Сот прокуратураның ұстанымын ескере отырып, сотталушылардың әрқайсысына 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды. Олар жалпы режимдегі колонияда жазасын өтейді. Барлығы сот залында қамауға алды.

Ал еліміздің сыртқы істер министрлігі үш жігіттің де Қазақстан азаматы екенін растады. Бірақ көмек берер қайран жоқ, қолмен істегенді мойнымен  көтеру қажет.

Шулы оқиға наурыз айында Ресей  астанасында болған еді. Үш блогер әуелі бизнес санаттағы такси шақырады. Кейін ішке отырған екеуі жүргізушіден жүк салғышты ашып көмектесуін сұрайды. Сол сәтті пайдалынып қымбат көлікті міне қашады. Үшіншісі бәрін камераға түсіріп тұрған. Кейін кері оралып жүргізушіден кешірім сұрағынмен, іске полиция араласты. Ал сотталушылардың адвокаты соттың үкімімен келіскісі жоқ. Олар барлығын кездейсоқ жасады деген ол, үш жігіттің әрекетінен қылмыстық әрекет көрмедім дейді.

Сурен Аванесян, Айдын Түсіповтің адвокаты:

- Жәбірленуші тергеу барысында қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Кешірім берді. Өйткені ешқандай моральдық шығын болған жоқ. Ал жәбірленуші көрсеткен моральдық шығын толық өтелді. Бірақ көлемін айта алмаймын. Әрине, аталған бап бойынша қылмыстық істі тоқтатуға болмайды. Десе де бұл өте қатаң жаза. Біз заң бойынша он күннің ішінде апелляциялық шағым түсіреміз. 

Мәскеуде істі болған блогерлердің бұ жақта да біраз іске қатысы бар. Әлеуметтік желідегі шулы әрекеттерімен танымал Айдын Түсіпов карантин режимін бұзғаны үшін 15 тәулікке қамалған. Ал Рамир Хасанов вирус өршіген тұста метрода күрк-күрк жөтеліп жұртты шошытса, артынан әл-Фараби даңғылында шамхат ойнап тағы бір таңқалдырған еді. Десе үш жерлесіміз Ресейді шулатып жүргенде осындағы блогерлер де қарап жатқан жоқ. Соңғы кездері адам өміріне қауіп төндіретін пранктің түрі көбейді. Тіпті жақында Алматыда автобус төбесінде отшашу атқандар ұсталған болатын.

Ал саясаттанушы Самат Нұртаза пранк жасап тайраңдағандарға тоқтау салатын кез келді деп есептейді. Оның айтуынша, күлдірем деп жүріп бүлдіретіндер қай кезде де қоғамға қауіпті.

Самат Нұртаза, саясаттанушы:

- Пранк деген нәрсе адамның көңіл-күйімен, адамның психикасымен ойнау деп білемін өз басым. Себебі, пранктер көбінесе күтпеген жағдайда шошыту, күлдіру немес эмоцияға итермелеуі мүмкін. Немесе қоғамдық, халыққа қауіпті болуы мүмкін. Әлеуметтік желіге деген тәуелділік, құнығып кету деген тағы басқа. Сондықтан да арнайы бір заң керек деп есептеймін.

Содан болар, біздегі блогерлер тек әкімшілік жазамен құтылып жүр. Демек Ресей асқан үш жігіттің ағат қадамынан сабақ алатын кез жеткен секілді. Ал істі ақырына дейін жеткіземіз деген ресейлік адвокат жерлестерімізге кесілген жазаның жеңілдейтініне үмітті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.