{metadescription}
Орталық Азия жарнама қауымдастығының форумында не талқыланды?
Орталық Азия жарнама қауымдастығының форумында не талқыланды?

Орталық Азия жарнама қауымдастығының форумында не талқыланды?

Ізденіс пен тың идея табысқа жетелейді. Алматыда Орталық Азия жарнама қауымдастығының форумы аяқталды. Ақпарат саласындағы білікті сарапшылар мен маркетолог мамандар телевизия мен жаңа медианың бүгіні мен болашағын талқылап, пікір алмасты.

Күн тәрітібіндегі басты тақырып - жарнамадан табыс табу жолдарын игеру. Форумда тағы қандай тақырыптар талқыланды?

Пандемияда интернет қолданушылардың қатары күрт артқан. Дегенмен, телевизиядағы жарнама үлесі азаймапты. Ірі компаниялардың көбі жаңа медиа қарыштап дамығанына қарамастан әлі күнге дейін телеарнаны таңдайды. Форумда бас қосқан сарапшылар осы көрсеткішті одан әрі дамытудың жолдарын талқылап, ұсыныстарын ортаға салды. Олар қазіргі таңда көрерменді  жоғалтпай, сапалы медиа өнімнің санын көбейту аса маңызды дейді . 

Олег Бородулин, TV Media Advertising Agency компания директорының орынбасары:

Қазір біз өткен жылмен салыстырғанда тележарнаманың үлесі 15 пайызға артқанын көріп отырмыз. Бұл көрсеткіш келесі тағы өседі. Қазір жағдай тұрақталған. 2022 жылы телевизия өзге платформалардан асып түсуі тиіс. Телеарна басшылары қызықты әрі пайдалы өнімді ұсыну арқылы көрерменін жоғалтпау керек. Рейтингтің өсуі жарнаманың тартылуына да тікелей әсер ететіні белгілі.

Төрткүл әлемде жарнамаға сұраныс өте жоғары. Оны тұтынушыға жеткізу тәсілі де ұдайы өзгеріп тұрады. Шараға қатысқан мамандар жаһанда жарнама үлесінің 60 пайызы телеарналарға тиесілі екенін жеткізді. Қазақстан да осы қатарға кіреді. Орталық Азия жарнама қауымдастығы да өз кезегінде нарықты реттеп, бақылауға күш салуда.

Ильмұрат Жұмаев, VI Kazakhstan компаниясының бас директоры:

- Телеарна тек сүзгіден өткен ақпаратты ғана шығарады. Көрермендер де бұған сенеді. Жарнаманы да шығармас бұрын заңгерлерге тексертеді. Жарнама беретін ірі ойыншылар да барлығын жақсы біледі. Сондықтан теледидар әлі күнге дейін адамзат өмірінде маңызды рөл атқарады.

Мамандар медианарықты жаулау үшін үздіксіз ізденіс пен тың идея керек деген пікірде. Сондықтан дәстүрлі БАҚ бәсекеге қабілетті болу үшін жаңа технологияны ұтымды пайдалану қажет. Ал, аудитория мен ірі компаниялар өз таңдауын жасайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде