{metadescription}
«Көңілдің асыл пернесі» – 200 талантты жеткіншектің басын қосқан байқау
«Көңілдің асыл пернесі» – 200 талантты жеткіншектің басын қосқан байқау

«Көңілдің асыл пернесі» – 200 талантты жеткіншектің басын қосқан байқау

«Көңілдің асыл пернесі». Нұр-Сұлтанда 200-ге  жуық талантты жеткіншектің басын қосқан байқау осылай аталды. Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған шығармашылық жарыс биыл алтыншы рет өтті.

Мектеп оқушылары ғана бақ сынайтын сайыстың мақсаты – қазақ әндерін дәріптеу, дарынды жастардың өнерін қолдау. 

Ботагөз Қайыпова, «Елбасы кітапханасы» директорының орынбасары:

- Енді жеңімпаздардың арасында аса қуантатын жайт – қазақ тіліндегі әндерін түсініп, танып, біліп айтып беру. Бұл біз үшін  еліміздің көне мұрасын насихаттаудағы аса ерекше жетістік деп айтуға болады.

Қатысушылар тек Қазақстан ғана емес, Индонезия, Ресей, Өзбекстан, Қытай, Әзірбайжан, Қырғызстаннан келген. Жас өнерпаздар Нұрсұлтан Назарбаевтың авторлық әндері, оның сүйіп шырқаған шығармаларын орындап, домбырамен ән айтты.

Шетелдік қатысушылар қазақ әндерін нақышына келтіре орындап, қазылар алқасын таң қалдырды. 12-17 жас аралығындағы оқушылардың өнерін елімізге танымал эстрада және опера жұлдыздары бағалады. Байқау қорытындысымен жеңіске жеткендерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Шыңғыс Асхатұлы, Халықаралық шығармашылық байқаудың жеңімпазы

- Елбасымыздың сүйіп айтқан әндерінен мен Иман Жүсіптің әнін орындап келдім. Көптеген байқауларға қатыстым. Осы төл өнерімізді әлі де дәріптеп жүрмін. Алдағы мақсаттарымыз – тек елімізде ғана емес одан әрі шетел аралап, төлөнерімізді дәріптеу.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде