{metadescription}
Еліміздегі ең үздік пікірсайысшы оқушылар анықталды
Еліміздегі ең үздік пікірсайысшы оқушылар анықталды

Еліміздегі ең үздік пікірсайысшы оқушылар анықталды

Еліміздегі ең үздік пікірсайысшы оқушылар анықталды. Олар Ақтөбе мен Атырау облысынан. Елордада ұлттық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті. Екі күн бойы 68 оқушы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында еліміздің қол жеткізген жетістіктерін, әлі де шешімін табуы тиіс мәселелерді ортаға салып, өзара пікір алмасты.

Қазақстанның Тұңғыш президентінің рөлі де пікірсайысшылардың тақырыбына арқау болды. Соңғы кезде ақсап қалған пікірсайыс турнирінің ақтық мәресі жайлы келесі бейнематериалда.

Қазақстанда соңғы 15 жылда бірде-бір ұлттық пікірсайыс турнирлері оқушылар арасында өткізілмей келген. Ал баланың кез келген тақырыпты оңай игеріп, өзінің ой-пікірін шешендік қабілеті арқылы дамытуда пікірсайысты рөлі зор. Ұйымдастырушылардың сайысты жаңғыртудағы мақсаты да осы. 

Әлкей Марғұланұлы, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары:

Дебат саласы кішкене тоқырауға ұшыраған болатын. Көптеген қоғамдағы өзекті мәселелерді ең бірінші кезекте жастар талқыға салулары керек. Яғни ешбір цензурасыз, сыни көзқараспен өткізіліп жатқан процестерге өзінің дәйекті пікірлерін білдіру арқылы біз қоғамдағы көптеген мәселелерге қатысты әлеуметтің пікірін біліп отырамыз. Сол себепті осындай пікірсайыстардың өтуінің мәнісі осында жатыр.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 34 команда пікірсайыстың америкалық парламенттік формат ережелеріне сәйкес үкімет пен оппозиция болып екіге бөлінді. Жас спикерлерге берілген тақырып  балалардың қозғайтын тақырыбы емес, олар өте салмақты және маңызды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, жеткен жетістіктер мен қалт жіберген мүмкіндіктер.

Ақмырза Әлиман, Республикалық пікірсайыс қозғалысының сарапшысы:

- Арнайы тақырыптар беріледі. Сол тақырыптарда жақтаушы және даттаушы жақ болады. Бұл жеребе бойынша анықталады. Жақтаушы жақ берілген тақырыпты жақтау керек. Даттаушы жақ өз кезегінде бұл тақырыпты даттап, белгілі бір минустарын айту керек. Балалар тақырыптарды кеңінен ашып жатыр. Ойындары жақсы деңгейде. Иә, студенттер деңгейінде емес әрине, бірақ оқушылар үшін жақсы деңгей.

Әрбір қатысушы өз өңірлерінде өткен іріктеу ойындарында жеңіске жеткен жеңімпаздар. 40 мыңнан астам оқушының арасында үздік атанғандардың бірі – ақтөбелік Аяна мен Аружан. Қазақстанның тәуелсіздігіне Елбасының қосқан үлесін дәлел ретінде алған оқушылар қазақ лигасының ақтық мәресінде жеңіске жетті.

Аяна Битанова, ұлттық пікірсайыс турнирінің жеңімпазы (Ақтөбе облысы):

Өте қуаныштымыз. Шынымды айтсам, қобалжыған турнирлердің бірі. Алайда республикалық деңгейде өткен турнирдің атмосферасы өте ерекше болды. Біз үшін негізінде ең мықты команда, фракциялардың бірі  Шымкент, Алматы, Атырау қалаларынан келген командалар. Менің ойымша, үлкен дайындықтың арқасында біз осындай жетістікке жетіп отырмыз.

Турнирдің орыс лигасын Атыраудың оқушылар жеңіп алды. Барлық жеңімпаз бен ерекше пікір білдіріп, белсенділік танытқандар арнайы диплом, бағалы сыйлықтарға ие болды. Салтанатты марапаттау рәсімі шоу-концертке ұласты. Нұрсұлтан Назарбаев қоры, «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры мен Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы алғаш рет ұйымдастырған шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.