{metadescription}
Кәрім Мәсімовтің жетекшілігімен шығарылған екі кітаптың тұсаукесері өтті
Кәрім Мәсімовтің жетекшілігімен шығарылған екі кітаптың тұсаукесері өтті

Кәрім Мәсімовтің жетекшілігімен шығарылған екі кітаптың тұсаукесері өтті

Ел білуі қажет ерлік! Бүгін Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің жетекшілігімен шығарған «Отандық арнаулы қызметтің хроникалары» және «Мемлекеттік шекара» кітаптарының тұсаукесері өтті.

Ел тыныштығын қорыған қызметкерлердің біз бүгінге дейін білмеген құпия операциялары мен ерен еңбегі осы кітаптарда көрініс тапқан. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында шыққан меретойлық туындыны таныстыру салтанатына Ұлттық қауіпсіздік қызметінің ардагерлері де келіп құнды естеліктерімен бөлісті. Екі кітапта мемлекетіміздің шебін қорғау ісіне үлес қосқан жедел қызметкерлер мен шекарашылардың қызметі туралы баяндалады.

Марат Мәжитов, «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалының жетекшісі:

- Уақыт өткесін тарихтың бетін ашқаннан кейін, жазылатын нәрсе жазылып жатыр. Ол кезде де көбіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің не істеп жатқанын көбі білмейді, себебі көп жазыла бермейді. Ақпараттар көп хабар бермейді. Осындай кітаптар арқылы бүгінгі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицерлері, солдаттары қандай қызмет жасап жатқанын осындай кітаптан білуге болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде