Өскемен - Самар тас жолы таулары 790 текше метр қардан тазартылды
Шығыс Қазақстан облысындағы таулы аймақтарда көшкіннің алдын алу мақсатында қар түсірілді. Өскемен –Самар тас жолы бойындағы тау қатпарларынан 790 текше метр ақұлпа төмен сырғыды.
Автор: Ұлан Нұрахмет
29.11.2021
Жаңғырығынан құлақ тұнатын жарылыстан соң қауіпті аймақтағы шың басындағы қарды жерге домалатты. Ал жалпы облыс бойынша көшкін жүруі ықтимал 497 орын бар. Оның 336-сы тас жолдарды басып, адамдарға қаупі бар деген санатқа жатады. Сондықтан ол аумақтарға арнайы ескерту белгілері қойылған. Қардың қалыңдығын өлшеп күнделікті мониторинг жасап отыру үшін жауапты мамандар тағайындалыпты. Дегенмен селден қорғау мекемесінің мамандары тұрғындарға аса сақ болуды ескертуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!