Kaspi.kz: Қазақстанда жасалған
«Қазақстанда жасалған». Енді елімізде қалыптасқан инновациялық қызметтер туралы да осылай айтуға болады. Біздегі мақтанышпен айтуға болатынын инновациялар қандай?
Автор: Салтанат Шырынхан
30.11.2021
«Астана клубының» алтыншы отырысында әлемдік экономикадағы инновациялық жетістіктер туралы талқыланды. Мұнда жетекші сарапшылар мен әлемге танымал саясаткерлер әлемдік күн тәртібінде тұрған ең өзекті мәселелер туралы айтты. Олар қазақстандық компаниялардың да инновациялық үлесін де атап өтті.
Ариэль Коэн, Атлант кеңесі энергетика және қауіпсіздік бағдарламалары жөніндегі директоры:
- Мені Kaspi қосымшасы таңқалдырды. Менің білуімше, компания IPO-ға шыққан. Бұл болашақтың мысалы, болашақтың жарқын көрінісі.
Жақында Қазақстанға келген сапарында Ұлыбританияның сауда министрі Ранил Джаявардена де еліміздің инновация саласында әлеуеті жоғары екенін атап өтті.
Ранил Джаявардена, Ұлыбританияның сауда министрі:
- Біз Қазақстанның қосымша құн тізбегі бойынша алға жылжып, кәсіби біліктілікті арттыру мен қызметтерді дамытуға ынтасын қолдаймыз. Мен, мысалы, Kaspi-дің қаржы қызметтеріне арналған тамаша қосымша екенін естідім.
Kaspi.kz басшысы және негізін қалушылардың бірі – Михаил Ломтадзе Алматыда өткен Плас Форумда барлық өні мен технологияны Kaspi.kz командасы Қазақстанда жасайтынын айтты.
Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы және негізін қалушылардың бірі:
- Біз бірегей бизнес үлгі қалыптастырдық, мұндай бизнес үлгі әлемде жоқ. Оның ерекшелігі, негізінде біздің сүйікті клиенттеріміз тұр, біз оның айналасында бірнеше платформа жасадық. Бізде төлем платформасы, маркетплейс, еком, мемлекеттік қызметтер мен финтек бар. Жақында ғана Тревелді қостық. Ал төлем бойынша бойынша қазақстандықтар бес мың қызмет ақысын тегін, комиссиясыз, бірден мобильді қосымшада төлей алады. Жақындары мен туыстарына комиссиясыз ақша аударып, Kaspi QR-мен және баршаға сүйікті Kaspi Gold картасымен төлем жасай алады. Барлық технология Қазақстанда жасалады, біздің командамыз үшін жасап беретін кеңесшілер жоқ.
Қазір Қазақстандағы инновация деңгейі көптеген елдермен салыстырғанда жоғары. Бұл құбылысты тіпті шетелде зерттеуде. Гарвард Бизнес мектебі Kaspi.kz-тің тарихы туралы материал жазған. Ол бойынша магистратура студенттері білім алады. Бұл Kaspi.kz компаниясы Қазақстанда жасалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!