{metadescription}
Шортандыда ірі шортанмен фотоға түсуге таласқан балықшылар ауруханаға түсті
Шортандыда ірі шортанмен фотоға түсуге таласқан балықшылар ауруханаға түсті

Шортандыда ірі шортанмен фотоға түсуге таласқан балықшылар ауруханаға түсті

Шортан үшін Шортандыда қып қызыл төбелес болды. Төрт балықшы салмағы 13 келі балықпен суретке түсуге таласқан. Ақыры үшеуі біреуінен таяқ жеп, ауруханадан бір-ақ шықты.

Даудың басы қармаққа іліккен балықтан басталған. Талай балық аулап жүріп, 13 келілік шоршыған шортанды бірінші рет көруі екен. Олжаға қуанған олар өзара «тойлап» та үлгерген. Ақыры, шортанмен суретке түсуге асықса керек. Бірақ қызды-қыздымен, естелік фотоға түсерде бір-біріне жол бермепті. Ақыры жанжал туып, балықшылар төбелесе кеткен. Бір-бірін күрекпен ұрғандар ақыры басы жарылып ауруханаға түсті.

Гүлнәр Пинчук, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Аудан ауруханасынан полицияға үш адамның түрлі жарақатпен түскені туралы хабар келді. Екеуінің жарасы ауыр, елордадағы ауруханаға жөнелтілді. Үш балықшыны ұрған 20 жастағы көрші ауылдың тұрғыны ұсталды. «Денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде