{metadescription}
Орманға қасақана от қойған күдіктіге қатысты сот болып жатыр – Риддер
Орманға қасақана от қойған күдіктіге қатысты сот болып жатыр – Риддер

Орманға қасақана от қойған күдіктіге қатысты сот болып жатыр – Риддер

Шығыс Қазастандағы алапат өртке байланысты тергеу аяқталып қылмыстық іс сотқа жолданды. Күдікті – Риддер қаласының тұрғыны. Орманға қасақана от қойған қаскөйдің кесірінен екі адам қаза болған еді. 

Риддерде 10-мамырда орманды алқап отқа оранған. Ырық бермеген тілсіз жау 300 гектарға жуық жермен 30 баспананы күлге айналдырды. Тіпті 73 жастағы зейнеткер тірідей жанып кетті. Ал, 72 және 41жастағы азаматтардың денесін күйік шалған. Оның біреуі көз жұмса, екіншісі әлі күнге дейін ауруханада жатыр. Ал полиция қызметкерлері оттың тұтануына себепкер болды деген күдікпен жергілікті 35 жастағы тұрғынды ұстаған. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілді. Енді үкімді сот шығаратын болады.

Арман Үмітов, ШҚО ПД анықтау басқармасы бастығының орынбасары:

Өрт салдарынан екі адам қаза тапты. Бір зардап шегуші әлі күнге дейін ауруханада жатыр. Риддер қаласының 44 тұрғыны зардап шекті. Қылмыстық іс Риддер қаласының сотында қаралуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде