{metadescription}
Жаңа пәтерге уәде берген тағы бір қаржы пирамидасы әшкере болды – СҚО
Жаңа пәтерге уәде берген тағы бір қаржы пирамидасы әшкере болды – СҚО

Жаңа пәтерге уәде берген тағы бір қаржы пирамидасы әшкере болды – СҚО

Солтүстік Қазақстан облысында салымшыларға жаңа пәтер беруге уәде еткен қаржы пирамидасы әшкере болды. Алаяқтар әбден құнығып алғаны соншалық, шын мәнінде жоқ баспананы Петропавлдағы жаңа үйлерден ғана емес, елдімекендерден де ұсынған.

Таңқаларлығы сол, заңсыз әрекеті белгілі болған фирма республикадағы ірі қаржы пирамидасы желісінің бір бөлімшесі ғана екен.

Қаржы ұйымының атауын тергеушілер әзірге жарияламай отыр. Белгілі болғаны, пирамида тұтыну кооперативі ретінде жұмыс істеп, «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша салымшыларға жаңа пәтер беруге уәде берген. Баспаналы болуға өтініш беруші 103 долларын алғашқы жарна ретінде салып, онымен қоймай, өзінен кейін тағы салымшы ертіп әкелуге тиіс. Бір ыңғайлысы, пәтер алушы өзінің кірісін көрсетпесе де болады. Әлеуметтік желіде тұрғындарды жарнамасы жер жарған түрлі-түсті буклеттер мен пәтер алудың ең тиімді жолдары көрсетілген ақпарат арқылы қызықтырған. Осы жарнама өнімдер, салымшылар тізімі және келісімшарттары компания кеңсесін тінтіген кезде табылған. Қаржы пирамидасының бөлімшелері Қазақстанның бірнеше аймағында жұмыс істеген. Ал осы жалған ұйымдардан қанша адамның зардап шеккені әзірге белгісіз. Қазір қылмыстық іс қозғалды.

Виктория Алпеева, СҚО экономикалық тергеу департаменті басқарма  басшысы:

- Азаматтардың назарына! Егер сіз, туысқаныңыз, танысыңыз қаржы пирамидасының заңсыз әрекетіне ұрынып, алданған болса, тез арада қаржы мониторингі бойынша тиісті органдарға немесе өздеріңіздің мекенжайларыңыздағы аумақтық экономикалық тергеу департаментіне хабарласыңыз!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде