{metadescription}
Шүлбі және Өскемен СЭС-ның 75% акциясы шетелдіктерге сатылады
Шүлбі және Өскемен СЭС-ның 75% акциясы шетелдіктерге сатылады

Шүлбі және Өскемен СЭС-ның 75% акциясы шетелдіктерге сатылады

Шүлбі және Өскемен су электр станцияларына шетелдіктер иелік етпек. Энергетика министрлігі араб инвесторларына тиісті акцияның 75 пайызын сатуды көздеп отыр.

Шүлбі және Өскемен СЭС-тері Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан. Екеуінің қуаты әртүрлі. Екеуіне де жөндеу жұмысы қажет. Инвестор таппай, шаруа реттелмейтін секілді. Еліміздің бас энергетигі жөндеу жасалса, станциялардың қуатын қосымша 500 мегаваттқа дейін арттыру мүмкіндігі бар дейді. Қыруар ақшасын құюға арабтың бизнесмендері қызығып отыр екен.

Бірақ екі станция толығымен шетелдіктерге берілмейді. Меншік құқығының 75 пайызы инвесторға, қалғаны мемлекетке тиесілі болмақ. Қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр. Арабтардың айы оңынан туса, елімізде жалпы энергетика саласы дамып қана қоймай, Қазақстан экономикасына алты миллиард АҚШ доллары көлемінде пайда түседі дейді энергетика министрі.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрі:

Бұл жоба өте ұзақ талқыланды. Шүлбі станциясына жаңа тізбе қосу арқылы, оның қуатын 500 мегаваттқа тағы арттыра аламыз. Араб серіктестермен инвестиция тартуда қазір құны 6 миллиард АҚШ доллары болатын келіссөздер жүргізіліп жатыр.  Бұл қаржы тек су электр станцияларына  жұмсалмайдыжаңартылған энергия көздерін табуға, оңтүстікте газ генерациясына бағытталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.