{metadescription}
Мысырда демалып жатқан отандастарымыз не дейді – «Омикрон»
Мысырда демалып жатқан отандастарымыз не дейді – «Омикрон»

Мысырда демалып жатқан отандастарымыз не дейді – «Омикрон»

Қазақстаннан Мысырға қатынайтын әуе рейстерінің уақытша тоқтатылуы отандық туристердің тынышын қашырды. Перғауындар елінде демалып жатқан қазақстандықтардың көкейінде де сұрақ көп. Елдегі туркомпаниялар таңнан бері туристерге мән-жайды түсіндіріп, жолдама сатуды тоқтатқан.

Ал осыған дейін тур алып қойғандарға басқа бағыт ұсынылып жатыр. Қазір Мысырда 4 мың қазақстандық жүр. Оларды елге қайтару үшін алдағы уақытта 23 әуе рейсі іске қосылады. Аталмыш елде тынығып жүрген отандастарымызбен тілшіміз тілдесті.

Мысырда коронавирустың жаңа штамы «омикронның» табылуы отандық туристердің тынышын қашырған. Өйткені қазір тарихи-мәдени ескерткіштерге бай пирамидалар елінде 4 мың қазақстандық демалып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі аталған елге әуе рейстерінің тоқтатылуы жаңа вирустың таралуына жол бермеу мақсатында қабылданғанын жеткізді. Сондықтан жауапты ведомство өкілдері демалушыларды дүрлікпеуге шақырады. 

Марат Шортанов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

- Мысырда демалуды жоспарлаған отандастарымыз көп. Қазір әріптестерімізбен басқа бағытты жандардыруды ойластырып отырмыз. Жаңа штамды елге әкелу өте қауіпті. Мысырдан келгендердің барлығы ПТР-тест тапсырып, жеті күн карантинде болады. Біз дұрыс шешім қабылдадық. Туристер түсіністікпен қарайды деп ойлаймын.

Ал күнге қыздырынып Қызыл теңізде шомылып жүрген отандастарымыздың елге қайтқысы жоқ. Өйткені олар жолдамаға төлеп қойған ақшаның күйіп кеткенін қаламайды. Солардың бірі – Рамиля. Ол отандық турагенттіктер нақты ақпарат бере алмай отыр деп налиды.

Рамиля Бабичева, турист:

- Мен Шарм-эль-Шейх курортында жүрмін. Бүгінгі жаңалықты естіп жолдама сатқан компанияға қоңырау шалдым. Бірақ олар не істеу керегін өздері де білмейді. Біз вакцина куәлігімен келгенбіз. Мұнда ПТР-тест тапсыру құны 40 доллар тұрады. Бірақ қалтамыздан қосымша шығын шығаруға қарсымыз. Турға аз ақша төлеген жоқпыз.

Отандық турагенттіктердің таңнан бері телефонына тыным жоқ. Туристер сан түрлі сауалмен қоңырау шалады. Туркомпания өкілдері шама-шарқымыз жеткенше түсіндіріп жатқанын жеткізді. Ал жолдама ақшасын кері қайтармас үшін Мысырға тур алып қойған азаматтарға басқа бағытты ұсынып әлек.

Светлана Жаппарғұлова, туркомпания директоры:

- Жолдама құнына сәйкес келетін бірнеше мемлекетті ұсынып жатырмыз. Мәселен, Мысырға баратын ақшаға Шри-Ланка, БАӘ, Үндістан және Таиландта демалуға болады. Егер турист одан бас тартса, ақшаны толық қайтарып беруге мәжбүрміз. Әзірге басқа бағытты таңдап жатқандардың үлесі басым болғаны қуантады. Өйткені барлығы жаппай бас тартса, клиент жоғалтып шығынға батамыз.   

Қазақстан туроператорлар қауымдастығы Мысырдағы отандастарымызға санитарлық талаптарды қатаң сақтауды сұрайды. Өйткені жаңа штамм «омикрон» тез жұғып, мутацияға жылдам ұшырайды.

Осы күнге дейін приамидалар еліне 20 мың жолдама сатылған. Бірақ оның жартысы жүзеге аспайтын болды. Тіпті аталған мемлекетте демалып жүрген қазақстандықтарды елге қайтару үшін алдағы уақытта 23 әуе рейсі іске қосылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.