{metadescription}
Атыраулықтар кәріз сорғысы құрылысынан зардап тартып отыр
Атыраулықтар кәріз сорғысы құрылысынан зардап тартып отыр

Атыраулықтар кәріз сорғысы құрылысынан зардап тартып отыр

Атырау тұрғындары иістің зардабын тартып отыр – үйдің тап іргесіне кәріз суы жиналатын нысан салып жатыр. Самал ықшамауданында тұрғын үй салып жатқан компания кәріз сорғысының құрылысын тоқтатар емес.

Тіпті жерді де заңсыз пайдаланған көрінеді. Бұдан атқамінерлер хабардар болса да, жұмысты тоқтатуға қауқарсыз. Ал тұрғындар заңды белшесінен басқан кәсіпорынға тісі батпайтын әкімдікке қапалы.

Гүлнәр Естілеуова, Атырау қаласының тұрғыны:

- Ертең бала ойнайды бұл жерде. Сасып жатады. Мына жақтан КОС. Бәрі сасып жатыр. Жазда мүмкін емес.  Енді мынау қосылды! Қалай өмір сүреміз? Осыны бізден алып тастаңыздар! Егер алмайтын болса, сотқа барамыз. Сот шешпесе, әрі қарай астанаға барамыз.

Бұл нысанның құрылысы басталғалы жұртшылықтың ұйқысы қашқан. Енді  кәріз сорғылау стансасын салып тынысымызды тарылтпақшы дейді. Заңға сәйкес, аймақ «Кұрылысшы-7» компаниясына тиесілі емес екен. Тіпті кәріз жүйесін қазуға жер берілмегені жөнінде арнайы анықтама да бар. Облыс  сәулет және құрылыс басқармасы бұл компания бұған дейін де тәртіп бұзғанын жасырмады. Ал кәріз су станцияна қатысты мәселе жақын арада реттеледі деп уәде етті.

Ринат Қапанов, Атырау облысы сәулет және құрылыс басқармасының бөлім басшысы:

- Жұмыс жобасының белгіленген тәртіппен сараптамадан өтпегені жөнінде шара қолдандық. Құрылыс монтаж жұмысы басталғанға дейін сәулет құрылыс басқармасына хабарлама жіберуге міндетті. Олар соны жібермеген. Үш баппен сотқа жіберілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.