{metadescription}
Елорда: Фтизиопульмонология санитарлары жалақы мен үстемақы ала алмай отыр
Елорда: Фтизиопульмонология санитарлары жалақы мен үстемақы ала алмай отыр

Елорда: Фтизиопульмонология санитарлары жалақы мен үстемақы ала алмай отыр

Нұр-Сұлтанда фтизиопульмонология орталығының санитарлары жалақы ала алмай отыр. Азғантай ақшаны жырымдап береді деген қызметкерлерге тиесілі үстемақы да үш айдан қолына тимепті. Жалақының қашан төленетінін басшылық та білмейді.

Бәтима Әбіжева, Нұр-Сұлтан қаласы фтизиопульмонология орталығы МКК санитары:

- Екі айдан бері ештеңе алған жоқпыз. Бастапқыда жалақы 80 мың теңге, қосымша 850 мың үстемақы аласыңдар деген. Тамыз және қыркүйек айларында үстемақының жартысын ғана, яғни 425 мың теңге алдық. Басшылық «қанша төлеу керегін білмейміз, бұйрық жоқ » деп отыр.

Даулы мәселеге себеп денсаулық сақтау министрлігінің вируспен күрескендерге жәрдемақы төлеу мәселесін қайта қарауы. Былтыр енгізілген үстемақының орнына енді медицина қызметкерлеріне қауіпті жұмысы үшін қосымша ақша төленбек. Қауіпті аймақта жүріп қызмет ететіндер тиесілі қаржыны есептегенде тек 123 мың теңге шығып отыр екен. «Бұл басымызды қауіпке тігіп істеген жұмысымызға тұрмайтын ақша» - деп ашынады санитарлар.

Дулатбай Көбеев, Нұр-Сұлтан қаласы фтизиопульмонология орталығы МКК санитары:

- Қазір бірінші қауіпті қатарда жұмыс істейміз. Біздің қалауымыз, 123 мыңмен келіспейміз. Өйткені 123 мыңның ішінде зейнетақы төлемі және тағы басқасы бар. Соларды кесіп алғанда біз 90 мың аламыз. Бәріне қоқан-лоққы көрсетіп отыр. «Заң бабымен жұмыстан шығасыңдар» дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде