{metadescription}
0:000:00
10 жыл толған Алматы метрополитені таяуда екі бекетті іске қосады

10 жыл толған Алматы метрополитені таяуда екі бекетті іске қосады

Алматы метрополитені жұмысын бастағанына биыл 10 жыл толды. Мерейтой қарсаңында метро құрамы тағы 8 жаңа электр пойызымен толықтырылды. Кореялық компания құрастырған әр пойыз 4 вагоннан тұрады. Вагондар жылыту, желдету және ауа тазарту жүйесіне қосылған.

Осылайша жер астындағы пойыз саны 15-ке жетті.

Серік Құсайынов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары:

- 10 жыл бойы метрополитен қарқынды жұмыс істеп келе жатыр. Өзіне жүктелген міндетті орындап, қарқынды дамиды деп сеніммен қараймыз. Метрополитен қоғамдық көліктің уақытпен тексерілген түрі. Алматы метрополитеннің ұжымы кәсіпорынның табысты дамуының кепілі болып қала береді. Метрополитенде 1500 адам жұмыс істейді.

Осыдан 10 жыл бұрын дәл осы күні, төл мерекесінде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі жалғыз метроны салтанатты түрде іске қосып, заманауи көліктің алғашқы жолаушысы атанған. Елбасы метроның қала тұрғындары үшін маңыздылығын ерекше атап, жер жүзінде метросы бар мемлекеттердің қатарына Қазақстан да кіргенін қуанышпен жеткізген.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш президенті:

Дағдарысқа қарамастан, мен метро құрылысын қаржыландыруды тоқтатқан жоқпын. Құрылыс тоқтаған кездер болды. Бірақ біз алға қойған мақсатымызға жеттік.

Расымен де құрылысы сонау 80-жылдары басталған метрополитен қаржы дағдарысына байланысты талай рет тоқтап қалғаны ел есінде. Жерасты жолы 20 жылдан кейін әрең дегенде пайдалануға берілді. Оны салуға қазына қаржысынан 166 миллиард жұмсалды. Бүгінде мамандар метро 7-8 балл жер сілкінісіне шыдайтындай сапалы салынғанын айтып жүр. 

2011 жылдан бері қала тұрғындары мен қонақтары метро арқылы діттеген жеріне сағаттап емес, санаулы минутта жетіп жүр. Жерасты көлігі күніне 300 мыңға жуық жолаушы тасымалдайды. Көпшіліктің игілігіне айналған метрополитен тоғыз бекеттен тұрады. Алдағы уақытта тағы екі станция іске қосылып жолаушылар легі арта түспек.

Әкімдіктегілер «Сарыарқа» мен «Бауыржан Момышұлы» бекеттері жыл соңына дейін пайдалануға берілетінін мәлімдеді. Қазір пойыздарды арлы-берлі жүргізіп, жерасты жолының сапасы тексеріліп жатыр. Одан кейін қала билігі метроны Наурызбай ауданы арқылы «Алтын Орда» базарына дейін ұзартуды жоспарлаған. Ол үшін қосымша тағы екі бекет салу қажет. Содан кейін тұрғындар шаһардың бір басынан екінші басына дейін жарты-ақ сағатта зулап жететін болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде