{metadescription}
COVID-19: Індет құрбандары 12 мыңнан асты
COVID-19: Індет құрбандары 12 мыңнан асты

COVID-19: Індет құрбандары 12 мыңнан асты

Аурудан көз жұмғандар артты. Елімізде соңғы тәулікте қос індеттен 11 адам көз жұмған. Оның тоғызы COVID-19 инфекциясынан, екеуі коронавирус пневмониясынан бақилық болды.

Қауіпті кесел жабысқан жандардың да қатары көбейіп барады. Кешелі бері 751 адамның қанынан вирус табылған. Осылайша коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 973 мыңға таяп қалса, індет құрбандары 12 мыңнан асып түсті. Ал қос өкпесі қабынғандар тағы 751 адамға толығып, аурумен бетпе-бет келгендер 83 мыңға жуықтады. Аталмыш дерттен тамыздан бері 5 153 адам қайтыс болған.

Елімізде коронавирустың таралуы бойынша қауіптің ең жоғарғы деңгейі 0 «қызыл» аймақта әзірге жалғыз Солтүстік Қазақстан облысы тұр.

«Сары» аймаққа Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары ойысса, қалған өңірлер «жасыл» аймақта.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.