Тәуелсіздік-30: Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі бар жаңа банкнот шығарылды
Елімізде жаңа банкнот айналымға енеді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған 20 мың теңгелік қағаз ақшада Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі бар. Дизайны бірегей технологиямен әзірленген банкноттың 27 қорғаныш элементі бар.
Автор: Мақсат Мәлік
01.12.2021
Су жаңа мерейтойлық 20 мың теңгенің бет жағында мемлекеттік рәміздер, Елбасының голография бейнесі, «Қазақ елі» монументі, «Мәңгілік ел» қақпасы және ұлттық өрнектің үлгілері бедерленген. Ал сыртқы жағында тұңғыш Президенттің портреті, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақорданың панорамалық көрінісі, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған логотип бар.
Жаңа банкнот заңды төлем құралы саналады. Оны ел көлемінде нақты құнын қабылдауға, банктік шоттарда аударуға, ұсақтауға және айырбастауға міндетті.
Ал Елбасы бейнеленген 20 мың теңге желтоқсан айының алғашқы он күндігінде айналымға шығады деп жоспарланып отыр.
Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті бар 10 мың теңгелік мерейтойлық банкнот 2016 жылы шығарылған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!