Тұңғыш Президент күні елімізде 10-шы рет тойланып жатыр
Бүгін Қазақстанда оныншы рет Тұңғыш Президент күні тойланып жатыр. Еліміздегі ең жас мерекені ресми түрде атап өту, әдеттегідей Ақордадан басталды. Жылдағы дәстүрмен Мемлекеттік күзет қызметінің сарбаздары алдымен президент резиденциясының ішінде, кейін оның ауласында сап түзеді.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
01.12.2021
Президентке бағынышты Күзет қызметінің жауынгерлері шенділерден бұйрық ала салысымен, әнұран әуенімен туды тұғырына қондырды. Бұл салтанатты рәсімге мемлекет басшысы қатысқан жоқ.
1-желтоқсанның мереке болып бекітілу тарихы 1991 жылдан бастау алған. Дәл осы күні қазақ халқы ашық сайлауда тұңғыш басшысын таңдады. Ол Нұрсұлтан Назарбаев еді. Оның Қазақстан дамуына қосқан өлшеусіз еңбегін парламент депутаттары бір күнді бекіту арқылы атап өтуді жөн санаған болатын. Осылайша 2012 жылдан бері елімізде қыстың алғашқы күнінде Тұңғыш президент күні тойланып келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!