{metadescription}
Семейде 56 көшенің атауы қазақшаға ауыстырылуы мүмкін
Семейде 56 көшенің атауы қазақшаға ауыстырылуы мүмкін

Семейде 56 көшенің атауы қазақшаға ауыстырылуы мүмкін

Семейде ескірген көше атаулары өзгертіледі. Жергілікті билік шаһардағы 56 көшені қазақшалауды жөн санаған. Орталықтағы Морозов атындағы ұзын көшеге Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның есімі берілетін болды.   

Атауы өзгеретін көшелердің қатарында Тельман, Карл Либкнехт, Безымянная, Волгоградская көшелері бар. Келешекте оның біріне желтоқсан оқиғасының құрбаны Сәбира  Мұхаметжановның есімі берілсе, қалғандарына танымал суретші Мұратбек Жанболатов, академик Мұхтарбек Кәрімов секілді азаматтардың есімі беріледі.

Тағы бір көшеге "Абай жолы" роман-эпопеясының атауын беру қарастырылған. Қазір бұл мәселе тұрақты комиссия мүшелерінің тарапынан бірауыздан қолдау тауып отыр. Дегенмен әзірге нақты шешім емес. Өйткені көше атауларын жаңалау жөніндегі ұсыныс ономастика комиссиясының талқылауына жіберілген.

Әйгерім Байжұманова, Семей қаласы Мәдинет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы:

- Бұл аталып отырған мәселелердің барлығы тек қана ұсыныс. Осы мәселелердің барлығы комиссияның шешімімен, облыс ономастика  комиссиясының қарауына ұсынылады. Олар өз кезегінде мәселелерді қарап, шешімін тапқан көшелерді, Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жібереді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде