{metadescription}
Автобус Бауырластар-3 жолаушыларын трассадан тастап кетіп жүр
Автобус Бауырластар-3 жолаушыларын трассадан тастап кетіп жүр

Автобус Бауырластар-3 жолаушыларын трассадан тастап кетіп жүр

Ақтөбе іргесіндегі ауыл тұрғындары автобус қатынасынан қиналып отыр. Қоғамдық көлік Бауырластар-3 елдімекеніне кірмей, жолаушыларды үш шақырым жердегі трассадан тастап кетеді екен. Жаз бойы шыдағанымен, қара суықта жолға жету қиямет-қайым дейді тұрғындар.

Ақтөбе мен Бауырластар-3 ауылының арасы небәрі 15 шақырымдай. Сөз арасында тұрғындар «мына тұрған жер» дегенімен, соған жетудің өзі қиямет-қайым екенін айтады. Өйткені ауыл ішіне автобус кірмейді. Облыс орталығына баруға қоғамдық көлікке міну үшін үш шақырым жердегі трассаға таңмен таласып шығу қажет.

Роза Әлиева, Бауырластар-3 ауылының тұрғыны:

- Таңғы бесте трассаға шығып көріңізші. Өткенде қатты жаңбыр болды. Жұмыстан қайтып келе жатқанда малмандай су болдық. Жол деген өте қиын. Мына ұзын жолдан өтсе болды. Орталықтан ең болмағанда автобус ішіне кіріп ... Жолдан әйтеуір үйімізге барамыз ғой, жайлап жақындап.

Бауырластардың тұрғындары трассаға жету қыс түскенде тіптен қиындап кететін айтады. Күзде батпақтан, қыста қардан әрең жүреді. Одан қалды қаптаған қаңғыбас иттер зәре-құтын қашырады екен. Өлермен болып тас жолға жеткенде кейбір автобустар тоқтамай кетеді. Осыны айтып ауылдағылар қала әкіміне бірнеше рет барған. Бұларды аяп елдімекенге қоғамдық көлік кіргізуге тапсырма берген ешкім жоқ.

Нұргелді Айжарықов, Бауырластар-3 ауылының тұрғыны:

Ауыл мен трасса арасы кем дегенде үш километр. Соған халық жаяу барады. Автобус кей кезде тоқтайды. Қалаға өтерде мінгізеді де, қаладан ауылға келерде тоқтамайды. Әкімдікке де бардық. Бәріне бардық. Кірдік. Бірақ нәтиже жоқ.

Шенеуніктер ауыл ішінде тақтайдай тегіс жол болмайынша, автобустың мұнда әзір кірмейтінін айтады. Ең қызығы, асфальттың Бауырластарға қашан төселетінін әкімдіктегілердің өзі нақты білмейді.

Әлібек Танкеев, Ақтөбе қаласы ТКШ бөлімінің басшысы:

- Тас жолының болмауына байланысты ішіне кіру мүмкіндігі жоқ. Ол мәселені шешуде жоба-смета құжаттамасын дайындауға тапсырыс бердік. Дайын болғаннан кейін, әрі қарай қаржы бөлінгеннен кейін жол жасалады.

Әкімқаралардан қайыр болмасын білген тұрғындар енді кімнен көмек сұрарын білмей дал. «Тас жолға дейін жаяулатып жүріп ит-құсқа жем болмай, аязда үсіп өлмесек жарар», - дейді олар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде