{metadescription}
Gres Park тұрғындары не жылуға, не жарыққа жарымай отыр
Gres Park тұрғындары не жылуға, не жарыққа жарымай отыр

Gres Park тұрғындары не жылуға, не жарыққа жарымай отыр

Жап-жаңа үйіне риза емес. Алматы облысында жарығы жиі сөніп екі жылдан бері газсыз отырған Gres Park кешенінің тұрғындары шу шығарды. «Көздің жауын алатын жарнамасына сеніп қалдық» деген олар талай табалдырық тоздырғанымен, еш нәтиже шығара алмаған.  

Ал жауапты компания өз міндетіне кіретін қызметтің барлығын атқарып жатырмыз деп ақталды. Gres Park  тұрғындары сапасыз салынған үйлерінің кем-кетігін көрсетіп жыларман болды. Жауын-шашында төбеден аққан суды бірі шелекке толтырып әлек болса, екіншісі үлгере алмай, үйін су басып қалған. Соның салдарынан үй көгеріп, қабырғасы жарылған . Онымен қоса не жылуға, не жарыққа жарымадық деп, тұрғындар назын айтты.

Жұлдыз Жұмабаева, Алматы облысының тұрғыны:

- Күн салқындады, бізді жылуы жоқ үйге кіргізіп қойды. Енді, міне, 6 үйдің қазандығына қосып қойды. Әр үш сағат сайын жылуды өшіріп тастайды. Суық су, жылу, жарық тоқтатылады. Күнде суық үйде отырамыз.Бір апта ауырамыз. Жазыламыз. Қайтадан бір айдай ауырамыз. Осылай өмір сүріп жатырмыз.

Қазір 100-ден астам отбасы бар тұрғын үй кешенінде газ тек ас әзірлеуге ғана керек екен. Өйткені жылу орталықтан беріледі. Тұрғындардың көгілдір отынсыз отырғанына екі жылға жетіп қалған. Әлі күнге дейін басым көпшілігі газ баллонын қолданып қорқынышпен отырғанын айтады.

Gres Park кешенінің желідегі жарнамасына қарасаң, көздің жауын алады. Арнайы кең көлік тұрақтары мен қоса тал-терек пен жасыл желек қоршаған ауланы байқайсың. Тізіліп тұрған дүкен, сұлулық салоны, дәріханасы да бар. Алайда іске келгенде мүлде бөлек. Тұрғындар шұрық-шұрық балалар ойнайтын алаңы мен тап-тықыр жерді ғана көріп келеміз дейді.

Серікгүл Есімова, Алматы облысының тұрғыны:

- Үйді сатқан кезде алтындай қылып айтқан. Газыңыз да, суыңыз да, жылуыңыз да бар. Біз келген кезде ештеңе жоқ.

Олжас Каипов, Алматы облысының тұрғыны:

- Жарнамада «Домус Қазақстанға» сеніп келдік, қаншама миллиондаған ақшаға алдық. Бірақ қазір ол миллиондарымыз далаға кеткені ме ...

Осыдан екі жыл бұрын көшіп келіп, әбден мазасы қашқан тұрғындар құрылыс компаниясы мен пәтер иелер кооперативі мүлдем жұмыс істемейді деп отыр. Кешенді салған «Домус Қазақстан» компаниясына да шығып көрдік. «Уақыт керек» деген желеумен бүгін жауап қайтармай басын ала қашты. Ал кешеннің ішкі қызметіне қарайтындар «барлығын атқарып келеміз» деп сендірді.

Сәбира Татанова, "Грэс Парк"ТК басқарушы компаниясының директоры:

- Тұрғындар айтатын жарықтың өшуі жиі болмайды. Жылу да тұрақты беріледі.Тек қала бойынша өшіріп, апатқа байланысты ғана болмаса, барлығы дұрыс. Шатырдан аққан суды құрылысшылар жөндеді. Газдың берілуі алдағы уақытта шешіледі.

Пәтерлерін қыруар қаржыға алып қағылдық деген қараша бұл жауапқа қанағаттанбайды. Өйткені осы уақытқа дейін жауаптылар сылдыр сөзбен сендіріп келгенін айтады. Сондықтан мәселе жақын арада шешілмесе, компанияны сотқа береміз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.