Павлодардың қақ ортасында су құбыры жарылып, 22 нысан сусыз қалды
Павлодарда шіріген құбырлар сыр беріп жатыр. Қаланың қақ ортасында су құбыры жарылып, 22 нысан тіршілік нәрінен қағылды. Көшеге атқақтаған су көлік қозағалысын да қиындатып жіберді.
Автор: Руслан Әбдіхалық
02.12.2021
Дмитрий Башкиров, «Павлодар Су» ЖШС бас инженері:
- Апатты қалпына келтіру жұмысы қолға алынды. Жайылған судан мұз пайда болған, соны жою қатар жүргізілуде. Судан ажыраған нысандар тізіменде тұрғын үйлер, коммерциялық нысандар және әкімшілік ғимараттары бар. Олардың бәріне арнайы көлікпен су тасымалданып жатыр.
Шенеуніктер бұл жағдай ешкімнің жұмысына кедергі келтірмеді деп сендіреді. Белгілі болғандай, орталықтағы магистраль құбыр жарылған екен. Мамандар оны жамауға ертеден бері жанталасып жатыр. Айналаға жайылған су мұз боп қатып жұмысты қиындатып жіберді. Соның кесірінен көліктердің де, жаяу жүргіншілердің де қозғалысы қиындаған. Бірақ жауаптылар көп кешікпей ақауды қалпына келтіреміз деп уәде етті.
Айта кетейік, қаладағы су құбырларының 80 пайызы тозған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!