Қырғызстанда депутаттар қысқартылған айлықпен жұмысқа кірісті
Қырғызстанда Жогорку Кеңешке сайланған жаңа депутаттар қысқартылған айлықпен жұмысқа кірісетін болды. Көрші елдің президенті саяси додадан кейін бюджет қаражатын үнемдеу туралы жарлыққа қол қойды.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
02.12.2021
Садыр Жапаров депутаттарға онсыз да көптеген жеңілдік қарастырылғанын алға тартты.
Жарлыққа сәйкес, Қырғызстан депутаттарының жалақысы 30 мың мен 25 мың сом аралығына дейін қысқарды. Бұл біздің теңгеге шаққанда 125-130 мың теңге төңірегінде.
Сонымен қатар халық қалаулылары өтемақы мен қызметтік көлікті пайдалану құқығынан айрылды. Ал тұрып жатқан тегін пәтерлері Жогорку Кеңештің баспанасыз жүрген өзге қызметкерлеріне үлестіреді.
Алатаудың арғы жағындағы көршілерімізбен салыстырғанда Қазақстандағы әріптестерінің жағдайы әлдеқайда жақсы. Мәжіліс пен Сенат депутаттарының айлығы еңбек өтіліне қарай 500 мыңнан басталып 800 мың теңгеге дейін жетеді. Жалақыға қосымша депутаттарымыз қызметтік элиталы пәтер мен қымбат көлік, шетелдік іссапарлардың бюджеттен төленуі, тегін медициналық көмек, көмекшілерінің шығындарынның өтелуі сынды игіліктерді пайдаланады.
Бұларды қоса есептегенде еліміздегі бір депутатқа кететін шығын айына 2 миллион. Әрі бір палаталы Жоғарғы Кенеш депутаттары саны жағынан да Қазақстанның қос палаталы парламентіндегі депутаттардан әлдеқайда аз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!