{metadescription}
Қазақстандық оқушыларға жаңажылдық кеш өткізілмейді, бірақ ...
Қазақстандық оқушыларға жаңажылдық кеш өткізілмейді, бірақ ...

Қазақстандық оқушыларға жаңажылдық кеш өткізілмейді, бірақ ...

Биыл қазақстандық оқушыларға жаңажылдық кеш болмайды. Еліміздің бас санитары бұқаралық іс-шараларға тыйым салған. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі айтты.

Оқушылар былтырғыдай жасыл шыршаны айналмайды, ән шырқап көңіл көтермейді. Алайда әр сынып Аяз ата мен Ақшақарды шақырып, өз ортасында тойлауға болады. Оған мектеп әкімшілігінің рұқсаты жетіп жатыр. Балаларға қатысты шығарылған шешімге пандемияның әсері орасан зор.

Ал оңтүстікфарикалық «омикрон» штамының әлемді жайлауына қатысты білім министрі әлі бас қатырмапты. Қашықтан оқуға көшу дегенді әзірге айтқысы жоқ. Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, жаңа штамм туралы дәрігерлердің өзінде көп ақпарат жоқ екен. 

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

Желтоқсан айының ортасы, екінші тоқсанның аяқталуына аз қалды. Эпидемиологиялық ахуалды көріп отырсыздар бәрі тұрақты, білім беру орындарында да жағдай жақсы. Оқу жылы басталғалы вирус жұқтырғандар азайып келеді. Сол себепті біз оптимистік көзқарастамыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде