{metadescription}
Ақтөбе қымбат аялдамаларда дүкен ашылып, жұрт далада қалған
Ақтөбе қымбат аялдамаларда дүкен ашылып, жұрт далада қалған

Ақтөбе қымбат аялдамаларда дүкен ашылып, жұрт далада қалған

Ақтөбе тұрғындары жылы аялдаманың рахатын көре алмай отыр. Қазынаның қыруар қаржысына салынған нысанның бір бұрышын кәсіпкерлер жалға алып дүкен ашқан.

Сондықтан олар жабық аялдаманы қалаған уақытында ашып, қалаған уақытында жабады. Кейді тіпті автобус күткен жолаушыларды кіргізбей қояды екен.

Алтын Дабылова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Ашық тұру керек шығар. Не үшін жасалған? Халықтың жағдайын ойлап жатқан ешкім жоқ сияқты. Жоқ сияқты емес, жоқ.  Таңертең жабық тұрады.

Ақтөбенің әр көшесінде дәл осындай 17 жылы аялдама бар. Бірақ бірде-бірінің есігі таңертеңгісін ашық болмайды. автобус күткен жолаушылар қара суықта бүрсеңдеп тұруға мәжбүр. Ал шенеуніктер тұрғындардан осы аялдамаларға қатысты арыз көп түсіп жатқанын айтады. Бірақ оны жалға алған кәсіпкерлерге еш талап қоя алмаймыз деп отыр. Өйткені олармен келісімшарт жасаған кезде аялдаманың ашылып-жабылу уақытын ескермеген.

Сауран Исабаев, Ақтөбе қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары:

- Күннің сууына байланысты тұрғындардың шағымы көбейіп барады. Кәсіпкерлер шағым айтады. Біз мониторинг жасағанбыз. Шағымда ішін ластап кетеді, қоқыс тастайды деп. Қазір сәулет және қала құрылысы бөлімімен ұсыныс жасап отырмыз. Нақты ашылатын уақытын, есіктерге аппарат қоюға. Бір уақытта ашылып, бір уақытта жабылатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде