{metadescription}
Тоқаев: Қазақстан нарығы несімен тартымды?
Тоқаев: Қазақстан нарығы несімен тартымды?

Тоқаев: Қазақстан нарығы несімен тартымды?

Қазақстан нарығы несімен тартымды? Мұны бүгін шетелдік инвесторларға мемлекет басшысының өзі айтып берді. Алпауыт компаниялар басшыларымен өткен жиында  Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары түрлі өзгеріске ұшыраған бизнесті жүргізу тәртібіне де ерекше тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Бұл саладағы жүйелі және жан-жақты жұмысымыздың нәтижесінде біз Орта Азиядағы алпауытқа айналдық. Посткеңестік елдер арасында экономикасы қарқынды дамыған мемлекет болдық. Егемендік алған жылдан бастап 370 миллиард доллар шетел инвестициясы тартылыпты. Біздің мемлекет инвесторларға өте жақсы көңіл бөледі.

Инвестициядан бөлек, Қазақстан құнды қағаз нарығын да дамытпақ. Ол үшін материалдық инфрақұрылым да дайын. Қазір елде Қазақстан қаржы биржасы және «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмыс істеп тұр.

Президенттің айтуынша, отандық капитал нарығының қарқынын арттыруда уран өндірісінде жетекші "Қазатомөнеркәсіп" компаниясы мен «Каспий.кз» банкінің де маңызы зор. Мемлекет жекешелендіру мақсатында 700 компанияны инвесторлар иелігіне өткізбек. Олардың арасында мұнай-газ, энергетика, инфрақұрылыммен айналысатын ұжымдар бар. Шетелдіктермен жүздесуде Тоқаев елге мейілінше көбірек, сырттан инвестор тарту мәселесін бірге шешуге шақырды.

Дуглас Снайдер, Luxor Capital президенті:

Біз осы «Каспи.кз» жобасына инвестиция құйдық. Оған өте қуаныштымыз. Кеше министрлермен жүздесудің сәті түсті. Шынымды айтсам, олардың біліктілігіне, күрделі мәселелерді шешудегі тапқырлығына, бизнесті жүйелеудегі шапшаңдығына таң қалдым. Сол себепті ары қарай да Қазақстан нарығын зерттеп, байланыста болғым келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.