{metadescription}
Барлық өңірде КВИ жұқтыру дерегі төмендеді
Барлық өңірде КВИ жұқтыру дерегі төмендеді

Барлық өңірде КВИ жұқтыру дерегі төмендеді

Еліміздің барлық өңірінде коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі төмендеді. Батыс аймақтарда бірді-екілі адам коронавиурсқа шалдыққан. Бірақ алдыңғы күндермен салыстырғанда вирустың тарау көрсеткіші төмендегенімен, өлім-жітім саны азаймай тұр.

Еліміздің батыс өңірінде қауіпті індеттің беті қайтып келеді. Соңғы тәулікте Маңғыстау мен Ақтөбе облыстарында бір-бір адамнан ғана вирус анықталған. Оның өзінде симптомсыз. Ақтөбелік дәрігерлер бұған дейін КВИ жұқтырып, дерті асқынған 100 науқасты емдеп жатқанын айтады. Жансақтау бөліміндегі 17 науқастың да беті бері қарады деп қуанып отыр. Ал екі апта бұрын басталған имунизацияға жасөспірімдер мен жүкті келіншектер бұрынғысынша құлшынбай отыр.  

 Айгүл Аманжолова, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Инфекциялық ауруханаларда 111 адам ем алып жатыр. Оның ішінде 17-сі жансақтау бөлімінде. Карантин стационарға 3 адам жатқызылды. «Комирнати» вакцинасымен барлығы 1125 адам егілді. Оның ішінде жасөсіпірімдер 653, жүкті әйелдер 63 және емшектегі баласы бар аналар405

Батыс Қазақстан облысында да КВИ жұқтырушылар қатары сиреген. Соңғы үш күнде тек 32 адамнан індет белгілері анықталып отыр. Ауру тарау дерегінің төмендеп, Сырым, Теректі және Бәйтерек аудандарындағы инфекциялық стационарлар жабылыпты.

Мұхамғали Арысбаев, БҚО санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің басшысы:

- Қараша айында бізде коронавирустың 771 жағдайы тіркелген. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, бұл соңғы үш айдағы ең төменгі көрсеткіш болып есептеледі.

Елде 724 адамнан коронавирус инвекциясы анықталса, 14 пневмонияға шалдыққан. Ал бір тәулікте осы кеселдерден 24 кісі көз жұмған. Бұл өткен күнімен салыстырғанда 9 адамға артық. Бақилық болғандардың біреуі Жамбыл облысынан.

Гүлфайра Мырзабекова, Жамбыл облысының штаттан тыс бас  эпидемиологы:

- Күніне КВИ жұқтырған 7-8 адам дәрігерлер көмегіне жүгінеді. Демек бұл жағдайдың тұрақты екенін көрсетеді. Кеселдің бетін қайтаруға вакцинаның көмегі зор. Аймақта екпе алуы тиіс тұрғындардың 96 пайызы бірініші компонентін, 8 пайызы екінші компонентін алып үлгерді.

Қазір тек Солтүстік Қазақстан өңірі «қызыл» аймақта тұр. «Сары» деңгейде  Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары бар. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде