Оралда кіші сержант жұмысында табель қарумен өзін атып өлтірді
Орал қаласының полиция басқармасында төтенше жағдай. Жұмыс орнына келе салысымен, небәрі 20 жастағы кіші сержант табель қаруымен өзін атып өлтірген. Қайғылы оқиға бүгін таңғы сегізде болды.
Автор: Салтанат Шырынхан
03.12.2021
Тәртіп сақшылары отыратын ғимарат қоршауға алынып, криминалистер тексеріс жүргізген. Полицияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, нысанды күзететін топта қызмет істейтін жігіт кезекшелікке келіп, табель қаруын алған бетте өзін атып өлтіріпті. Анықталғандай марқұмның ішкі істер органына қызметке келгеніне сегіз айдан енді асқан. «Содан бері ешқандай оғаш қылығын байқамадық», - дейді ұжымдастары. Қазір өзін-өзі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық тергеумен қоса, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция басқармасында ішкі тексеріс те басталған.
Лунара Аманғалиева, БҚО ПД баспасөз қызметінің маманы:
- 2001 жылы туған полиция кіші сержанты ғимаратты күзету жөніндегі полиция тобының жауынгерлік бекетінде табель қаруын алғаннан кейін өзіне-өзі қол жұмсады. Аталған факті 3-желтоқсанда сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу басталды. Сонымен бірге барлық себеп пен мән-жайды анықтау үшін қызметтік тергеу жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!