«Омикрон» Мальдив аралдарында да анықталды
Қазақстандықтар Мысырмен қоса, Мальдив аралдарына да бара алмай қалуы ықтимал. Короновирустың «омикрон» штамы осы елден де анықталды. Осылайша Оңтүстік Африкада алғаш шыққан Ковид-19-дың жаңа түрі әлемнің 23 еліне таралып үлгерген.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
06.12.2021
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа штамнан ажал құшқандар әлі анықталмаса да, сақ болып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Қараша айында пайда болған «омикронды» жұқтырудан қолданыстағы вакциналар қорғай ала ма және вирусқа қарсы препараттардың қаншалықты тиімді екені әзірге белгісіз. Өйткені Аргентинада толық вакциналаудан өткен саяхатшы жұқтырған.
32 мутациядан тұратын Ковид-19-дың жаңа штамы қазір Еуропада өршіп тұр. Қазақстан әзірге Мысырмен әуе байланысын үзіп, 12 елдің азаматтарына ел аумағына кіруге тыйым салған. Жаңа штамм анықталған елдерден оралған отандастарымыз міндетті түрде ПТР-тестін тапсырып, 7 күн үй карантинінде болуы керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!