COVID-19: Соңғы тәулікте 17 науқас көз жұмды
Коронавирустың біздің елде белгілі штамдары 17 адамның өмірін жалмады. Бұл тек соңғы бір тәуліктегі статистика. Қауіпті індеттен кз жұмғандардың көбі Нұр-Сұлтан қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында.
Автор: Жаңалық Ахаш
06.12.2021
Дегенмен мамандар індеттің беті қайтып келеді деп қуантады. Қазір «қызыл» аймақта ешбір өңір қалмаған.
Қауіпті індеттің тарауы сәл де болса Солтүстік Қазақстан облысында да тоқтаған сияқты. Бір апта бойы «қызыл» аймақта осы өңір жалғыз қалған еді. Эпидахуал жақсарып қазір «сары» аймаққа ауысты. Әйтсе де санитар мамандар «сақтықта қорлық жоқ» деп отыр. Күні кеше Ковид-19-дан бұл жақта 4 адам қайтыс болған. Вирус жұқтырғандар саны жағынан да Қызылжар тізімнің басында тұр. Бір күн ішінде мұнда 68 адамнан коронавирус анықталды.
Әсет Жұматаев, СҚО санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің басшысы:
- Солтүстік Қазақстан облысы басқа еліміздің басқа аймақтарына қарағанда бірінші күн «сары» аймаққа кіріп отыр. Ол әлі ешқандай көрсеткіш болып саналмайды. Өйткені біз «қызыл» аймақта болуымыз мүмкін. Сондықтан екпеге шақырамыз және де осы санитарлық талапты – бетперде тағуға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырамыз.
Соңғы тәулікте қауіпті індеттен қайтыс болған 17 адамның екеуі Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны. Ал 15 адамнан осы өңірде вирус анықталыпты. Олардың жетеуінің өкпесі қабынған.
Бағлан Тауанова, ШҚО санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің бас маманы:
- Пандемия басталғаннан бері облыс аумағында барлығы 49 781 КВИ жағдайы тіркелді. Оның ішінде 39 340 жағдай клиникалық белгілері бар, 10 441 жағдай симптомсыз. 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 3652,3 құрады.
Ақтөбеде коронавирус жұқтырғандардан гөрі, тұмаумен ауырып жатқандар көп. Дәрігерлер соңғы рет тамызда Ковид-19 жаппай тарап, ауруханадағы кереуеттер бос болмағанын еске алады. Қазіргі жағдайға енді шүкір айтып отыр. Соғы тәулікте КВИ анықталған алты адамның төртеуі – ересек, екеуі – бала.
Мұхтар Сербаев, Ақтөбе облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Ең көп тіркелген ай – тамыз айында тіркелген. 1271 жағдай болды, 1-14 жас аралығындағылар балалар арасында. Барлығы осы күнге 14 тұмау инекциясы жағдайы тіркелді – H3N2 Гонго тұмауы. Соның ішінде 14 жағдайдың алтауы – 14 жасқа дейінгі балалар.
Қазір «қызыл» аймақта ешбір облыс қалмады. Нұр-Сұлтан қаласынан бастап, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстары «сары» аймақта. Қалған өңірлер «жасыл». Соңғы тәулікте елде 632 адамнан вирус анықталса, Шымкентте мүлдем тіркелмепті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!