{metadescription}
Студенттер пікірталасы – Үкімет және оппозиция ақ-қараны саралады
Студенттер пікірталасы – Үкімет және оппозиция ақ-қараны саралады

Студенттер пікірталасы – Үкімет және оппозиция ақ-қараны саралады

Пікірсайыс – қызылкеңірдек болып сөз таластыратын емес, өз ойын еркін жеткізетін жастардың ортасы. Елордада екі күн бойы елдің әр аймағынан келген студенттер осы ойыннан өзара мықтыны анықтады. Үкімет және оппозиция болып бөлінген екі тарап ортаға тасталған тақырыптың ақ-қарасын саралады.

Дәйекті дәлелдермен, орамды ойлармен өз позициясының дұрыстығын дәлелдеді. Кіл мықтыдан кім мықты болды?

- Демек біз көреміз тарихтың жазылуына сенің бір ғана тұлғаңның, көсеміңнің мықты болуы жетпейді. О кезде көптеген адамдардың тобыры, идеологиясы бірігетін болса, сенің мына жақтағы жазылған тарихыңды төңкеріп тастауға құдіреті жететінін көреміз.

Пікірсайыс алаңы қашан да қызу талқының ортасы. Ел тәуелсіздігің 30 жылдығы мен Тұңғыш Президент күніне орай студенттер арасында өткен ұлттық пікірсайыс турниріне Қазақстанның түкпір-түкпірінен 80 жас қатысты. Олар өз аймағынан іріктеліп көптен оза шыққандар. Барлығы да қарымы мен дарыны қабысқандар.

Назерке Мұсылманбекова, Ұлттық пікірсайыс турнирінің төрешісі:

- Алматы мен Нұр-Сұлтан пікірсайыстың орталығы. Себебі, ол жақта клуб, университет көп. Апта сайын турнир жиі болады. Іс жүзінде көп болады. Көптігі Алматы аймағынан байқалады. Қатысуға келген пікірісайысшылар өз деңгейінде дайындалып келген.

Студенттер пікірсайыстың америкалық парламенттік форматы бойынша сынға түсті. Және әр ойыннан көп ұпай жинағандар өз арасынан «Линкольн-Дуглас» форматында үздік спикерді анықтады.

1997 жылы бастауын алған студенттік пікірсайыс лигасы әр жылдары өзгеріске ұшырап, соңғы кездері қарқыны бәсеңсіген еді. Биыл Нұрсұлтан Назарбаев қоры «Елбасы академиясы» мұрындық болып, шара қайта жанданды.

Мұрат Жұманбай, Елбасы академиясының басқарушы директоры:

- Елімізге маңызды мәселелерді қарастырдық. Мысалы, бүгінде қоғамда кең тараған масылдық мәселесі бар. Одан бөлек, патриотизмнің жаңа концепциясын жастардан сұрадық. Олардың ұсынысын сұрадық. Креатив экономиканы қалай дамытуға болады? Осы тақырыптар бойынша сайыскерлер ойымен бөлісті.

Ұшқыр ойлы студенттерге талай пікірсайыс турнирінің жүлдесін жеңіп ойынның қыр-сырына қаныққан жастар төрелік етті. Екі күнге созылған шарада алматылық Арайлым Әбдікәрімова «Үздік спикер» атанып 100 мың теңге жеңіп алса, командалық есепте Сүлеймен Демирел университетінің студенттері Азамат Арынов пен Мәдина Әшім оқ бойы оза шауып, кубок пен 500 мың теңгені еншіледі.

Мәдина Әшім, Ұлттық пікірсайыс турнирінің жеңімпазы:

- Негізі пікірсайыс деген ол үшінші тарапты сендіру. Және екі түрлі позицияны талқылау. Соның арқасында бір ақиқатқа жету. Негізгі мақсаты да осы. Пікірсайыс бізге өте көп дүние берді – сыни ойлау, дағды, шешендік қабілет, адамдарды сендіре алу ...

«Ең бастысы, бізге пікірсайыс ой-өрісі кең достардың ортасы болып қала бермек», - дейді жастар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде