Зейнетақы дүрбелеңі: Баспана құны тағы 15 пайызға дейін көтеріледі
Зейнетақы салымы төңірегіндегі дүрбелең баспана бағасына да әсер етеді. Сарапшылар жылжымайтын мүлік құны тағы 15 пайызға дейін көтеріледі деп болжам жасады.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
07.12.2021
Зейнетақы қорында қалуы тиіс қаражаттың шекті мөлшеріне қатысты ақпараттан соң баспанаға деген сұраныс артыпты. Риелторлардың жұмысы да жанданып, пәтер алуды көздегендер күрт көбейген. Тұрғын үй нарығындағы дүрбелеңді құрылыс компаниялары өз пайдасына шешуді әдетке айналдырған дейді мамандар. Сондықтан саудаға түсетін баспананың әр шаршы метрі тағы шарықтайды. Бірақ олар бағаның бұлайша аспандауына жол бермеу үшін мемлекет шара қолдану қажет деп есептейді. Себебі, сарапшылар қымбатшылық қолдан жасалатынына сенімді. Соның салдарынан баспанаға шын мұқтаж жандар тығырыққа тірелуі мүмкін.
Асхат Базарбаев, тұрғын үй агенттігінің директоры:
- Пәтер іздеушілер екі есеге артты. Зейнетақы қорындағы жинағын ипотекаға аударуды ойлағандардан көп. Оған қоса қолма-қол ақшаға баспана алушылар да қазір қозғала бастады. Өйткені олар жылжымайтын мүлік қымбаттайтынын түсінеді. Орташа есеппен келесі жылдың көктеміне дейін тұрғын үй бағасы 10-15 пайызға көтеріледі. Содан кейін ғана баға тұрақтануы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!