Ақтөбеде вакцина паспортын сатқан мейірбикеге қылмыстық іс қозғалды
Ақтөбеде короновирусқа қарсы вакцина паспортын сатқан мейірбике ұсталды. Ол жетпіске жуық адамды екпе алғандар тізіміне қосып жіберген.
Автор: Жаңалық Ахаш
07.12.2021
Қазір медбикені тәртіп сақшылары тергеп жатыр. Ол коронавирусқа қарсы екпені салмастан, 67 адамды ақпараттық жүйеге тіркегенін мойындады. Вакцинаны салдырмай-ақ «жасыл» мәртебеге ие болғандардың әрбірінен 15 мың теңгеден алып отырыпты. Осылай жалған құжат жасап тапқан пайдасы бір миллион теңгеден асады. Қазір оған қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалып сотқа жіберілген. Ал вакцина алмай-ақ тізімге кіргендер сол бойда ақпараттық жүйеден шығарылған.
Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Тергеуде мейірбике әрбір жалған құжатқа 15 000 теңге ақшалай сыйақы алғанын айтқан. Аталған факті негізінде ҚР ҚК 385-бабы, 3-бөдігі, сонымен қатар ҚК 247-бабы 1,2- та.рмақтары бойынша іс қозғалып сотқа жолданды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!