{metadescription}
Жамбылдық шенеуніктер отбасымен бірге субсидияның «рахатын» көрген
Жамбылдық шенеуніктер отбасымен бірге субсидияның «рахатын» көрген

Жамбылдық шенеуніктер отбасымен бірге субсидияның «рахатын» көрген

Ауыл шаруашылығы саласына бөлінген субсидияның рахатын жамбылдық шенеуніктер отбасымен бірге көрген. Бұл туралы өңір әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы мен оның күйеуі жемқорлық бабымен 7 жылға сотталған.

Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысының әкімі:

- Бүгінгі таңда облыста екеуі 7 жылға түрмеге қамалды. Біреуі – бөлім басшысы, екіншісі – оның күйеуі. Ол шаруа қожалығын басқарған. Мемлекеттік қызметкерлерге келсек, облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметінен босатылды. Жақында ғана жемқорлыққа қарсы департамент өңір шенеуніктеріне жиын өткізіп, осындай жағдайлар қайталанбас үшін ақыл-кеңес айтты.

Журналистердің сұрағына жауап берген Сапарбаев Жамбыл облысында ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы жемқорлық мәселесі өзекті деді. Бүгінде президент тапсырмасымен өңірде арнайы антикордың өкілдерінен құралған комиссия жұмыс істеп жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазан айында ауыл шаруашылығы министрлігіне қатысты жемқорлық ісін әшкерелеген. Оған Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және тоғыз облыстың қатысы бар. Қолдағы бар ақпарға сәйкес, қыруар қаржыны жымқырған күдіктілердің 14-і қамауға алынған. Екеуі үйқамақта отыр. Жемқорлық дауына іліккендер жыл сайын бірдей схеманы пайдаланып, құжаттарға жалған электронды қолтаңба қойып, қалтасын қомпайтып отырған.

Мысалы, елдің оңтүстігіндегілер сиыр мен бұқаларды жалған таңбалармен шетелге заңсыз тасымалдаған.

Ақтөбе облысында жайылымдарға арналған күн панельдері жоғары бағамен сатып алыныпты. Осындай жең ұшынан жалғасқан жемқорлық кесірінен мемлекетке 2 миллиард 600 миллион теңге шығын келген. Бұл әзірге белгілісі ғана.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.