{metadescription}
Президент «Рақымшылық туралы» заңға қол қойды
Президент «Рақымшылық туралы» заңға қол қойды

Президент «Рақымшылық туралы» заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев түрмелердегі мыңдаған қылмыскердің жазасын жеңілдетіп, сотталушыларды бостандыққа жіберуге ресми түрде  рұқсат берді. Бүгін мемлекет басшысы «Рақымшылық туралы» заңға қол қойды.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қабылданған құжат қол қойылған күннен бастап алты айға дейін жарамды. Енді жаңа заңның шарапатын 14 мың адам көруі мүмкін. Оның ішінде рақымшылыққа 2236 сотталушы және пробация қызметі есебінде тұрған 11 мыңнан астам адам ілігеді. Ең алдымен амнистия кәмелетке толмағандарға, аяғы ауыр келіншектер мен балалы әйелдерге, мүгедектер және егде жастағы сотталушыларға жасалады. Ауыр және аса ауыр, сондай-ақ террористік және экстремистік қылмыстарға барғандарға рақымшылықтың қатысы жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде