{metadescription}
Қаптаған қаңғыған ит қызылжарлықтардың үрейін ұшыруда – Ақтөбе 
Қаптаған қаңғыған ит қызылжарлықтардың үрейін ұшыруда – Ақтөбе 

Қаптаған қаңғыған ит қызылжарлықтардың үрейін ұшыруда – Ақтөбе 

Ақтөбе іргесіндегі Қызылжар ауылының тұрғындары қаңғыған иттердің көзін құртуды талап етуде. Өйткені бұралқылардың кесірінен жұрт көшеде еркін жүруден қалған. Әсіресе балаларды талап жазым ете ме деп алаңдап отыр.

Ветеринарлар қаңғыған иттерді қырып тастауға құқығымыз жоқ дейді. Тек өтініш түскенде ғана аулайды екен.

Қыс түскенде Қызылжар ауылының көшесінде қаңғыбас иттер қаптайды. Жаз бойы далалықта жемтігін тауып жүрген бұралқылар қар жауғанда тіміскіленіп келеді екен. Тұрғындар олардың топталып жүретінін айтады. Бала тұрмақ, ересектердің өзі ауылда жалғыз жүре алмайды. Көбісі қорғану үшін қолынан таяқ тастамайды.

 Шәйзада Нұрболатова, Қызылжар ауылының тұрғыны:

Шұбырып жүреді. Ит көп. Ірі-ірі. Мектептің қасына келеді. Қолға таяқ ұстаймыз. Есігімнің алдында таяқ бар еді, тастап кетіппін. Ит келсе, ең болмаса ұрып жіберсем де. Не істеймін енді, қалай қорғанамын?

Қызылжарлықтар мектепке қатынайтын балаларына алаңдайды. Қаңғыбас иттер кішкентайларды топтасып талап кете ме де қорқып отыр.

Аслан Қожанов, Қызылжар ауылының тұрғыны:

- Бос жүрген, сосын қаңғыған иттер өте көп. Балаларымызды мектепке жіберуге қорқамыз. Жоғары жаққа жеткізіп, осы мәселе шешімін тапса дейміз. Баланы қауып, міндетті түрде өлтіру керек пе? Сол жағдайда ғана қимылдау керек пе?

Ветеринарлар қаңғы иттерді жаппай қырып тастауға құқымыз жоқ деп отыр. Тек өтініш түскенде ғана аулайды екен. Онымен қоса жұмыстарына кедергі келтіретін жануарлар жанашырлары көбейген. Бұралқыларды бақпаса да, ойбай салып әлеуметтік желіні шулатады дейді. Осының кесірінен қазір тіпті қалада ит аулайтын маман да қалмапты.

Алпамыс Тұрым, Ақтөбе қаласы ветеринария станциясының  директоры:

- Осы шағымнан кейін аулап жатырмыз. Бүгін, мысалы, Ақжар-2-де жүр. Маман көп тұрақтамайды. Тоғыз адам жұмыс істеп еді, қазір төрт-ақ адам қалды, бүкіл Ақтөбе қаласынан. Ауласаң, «аулады» деп шулайды. Ауламасаң,  халықтың шағымы бар. Қалай да халықтың жағдайын жасау керек қой.

Мамандар жыл басынан бері Ақтөбе аумағындағы бес мың қаңғыбас итті аулаған. Иесі жоқ мақұлықтарды дәрімен ұйықтатып, кейін арнайы орында жағып жібереді екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде