{metadescription}
Көмек қажет: Дәрігерлерді таңқалдырған Толя жүріп кетуі мүмкін
Көмек қажет: Дәрігерлерді таңқалдырған Толя жүріп кетуі мүмкін

Көмек қажет: Дәрігерлерді таңқалдырған Толя жүріп кетуі мүмкін

Петропавлда 14 жасар жасөспірім қауіпті дертпен күресіп келеді. Жасынан сал болып қалған Толя Давыдов төсекке таңылса да, оның аяғын тең басып кетуге деген құлшынысы дәрігерлерді таң қалдырған. 

Дертін жеңу үшін бірнеше рет отаға түсіп, тіпті клиникалық өлімді де бастан кешірген.

Осылайша өзін өзі қолға алған кезде, короновирус пневмониясына шалдыққан. Қазір дәрігерлер Толяның жүріп кетуі мүмкін деген болжам айтуда. Ол үшін тез арада оңалту курсын өтуі тиіс екен. Алайда көпбалалы отбасы оған қажет  600 мың теңгені таба алмай отыр. Ол жомарт жандардың көмегіне зәру.

Толя алты айлығында салмағы 725 грамм болып дүниеге келген. Дәрігерлер оны жансақтау бөлімшесінде бір ай күтіпті. Бір жасында сәбиге мүгедектік берілген. Баланың бойынан әртүрлі дерт анықталған. «Соның ең ауыры – сал болып туылғаны»,- дейді анасы Кристина. Айтуынша, ауру баладан бас тарт деп ақыл бергендер де болған.

Кристина Ястремская, анасы:

Бала көп өмір сүрмейді деді. Мен жарығы болмаса, сәбиімді өзім жерлейін деп шештім. Ол басын мүлдем ұстай алмай қалтылдап тұратын. Дәрігерлер оның адам болатынына сенген жоқ. Бұратылып жатып қалады деп ойлады. Мүлдем тамақ іше алмайтын.Тамақты езіп түтікшемен ішкізгенде сілекейі ағып жататын.

Баласы сал болып туғаннан кейін Кристинамен күйеуі ажырасып кеткен. Ауру баламен әйел жалғыз қалған. Тіпті Қытай, Словакия мен Ресейге дейін апарып ем-дом жасатқан. Еңбегі еш кетпепті. Төсектен басын көтере алмайтын бала жан-жақты дамыған, көзі ашық жасөспірімге айналды. Ең бастысы, өзін игере алатын жағдайға жеткен. Ендігі арманы – өз аяғымен жүріп кету.

Кристина Ястремская, анасы:

- Бірте-бірте мен оны арбаға отырғыза алатын жағдайға жеттік. Қою тамақты өз бетінше жей алатын болды. Түгелімен өзін-өзі игере алмаса да, дәретке баратынын өзі айтатын мүмкіндікке ие болды. Осының бәрі жылдап жеткен жетістігіміз.

Өткен қаңтар айында Толя КВИ жұқтырған. Онсыз да дімкәс балаға қауіпті дерт ауыр әсер етіпті. Сондықтан елордада оған тағы ота жасалған. Енді осы отадан кейін ол жедел түрде оңалту курсын өтуге тиіс. Еліміздегі клиникаларда кезек көп болғандықтан, Толяны Петербордағы орталыққа апармақшы.

Мария Гуляева, әлеуметтік педагог:

- Баланың осы жағдайға жетуіне көп күш жұмсалды. Анасы да, ұлы да күрескер екен. Аяқтан тұрып жүріп кетуге әлі де көп ауыртпалықты бастан кешіру қажет. Біз оның арманы орындалса дейміз.

Отбасында Толядан басқа 4 бала бар. Кристина ауруханада еден жуса, өгей әкесі жолаушы тасымалдайды. Ресейде ем алу құны – 1,5 миллион теңге.

Қазір қайырымды жандар  900 мың теңге жинап берген. Толяның арманы орындалу үшін әлі 600 мың теңге қажет. Сондықтан көпбалалы отбасы жомарт жандардан көмек сұрауға мәжбүр.

Байланыс телефоны: 8 771 169 90 08

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде