{metadescription}
Тәуелсіздік-30: Журналистер байқауының жүлдегерлері марапатталды
Тәуелсіздік-30: Журналистер байқауының жүлдегерлері марапатталды

Тәуелсіздік-30: Журналистер байқауының жүлдегерлері марапатталды

Нұр-Сұлтанда ел егемендігінің 30 жылдығы мен Тұңғыш президент күніне орай ұйымдастырылған журналистер арасындағы байқаудың жүлдегерлері марапатталды. Нұрсұлтан Назарбаев қорының ұйымдастыруымен өткен сайысқа тек отандық медиа өкілдері ғана емес, сонымен қатар шетелдіктер де қатысқан. 

Игорь Рогов, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары

Қазақстанды қосқанда 10 елден 400-ден астам жұмыс келіп түсті. Барлығының мақсаты – тәуелсіз еліміздің дамуын, оның өркендеуіне қосқан Елбасының еңбегін көрсету. Жай ғана жазып, көрсету емес. Кәсіби тұрғыдан халыққа жеткізу. Жұмыстарды саралап отырып, біздегі журналистиканың болашағына алаңдамауға болатынына көзіміз жетті. Және ең қуантарлығышетелдік БАҚ өкілдерінің белсенділігі.

Қатысушылар «Үздік газет-журналдағы мақала», «Үздік телевизиялық жоба», «Үздік радиожоба», «Үздік ғаламтор басылымының мақаласы» және «Үздік шетелдік басылымдағы мақала» аталымдары бойынша сынға түсті. Өзбекстан, Ұлыбритания, Иран, Әзірбайжан, Ресей, Канада мен Израильден де жұмысын жолдағандар бар. Олардың еңбегін қазақ журналистикасының құрметті азаматтары саралады. Жүлделі орынға ие болғандарға 500 мың, 700 мың, миллион теңге көлемінде сыйақы табысталды. Жүлдегелер жұмыстарында тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін, Елбасының еңбегін, ел астанасының жаңғыруын жазып, көрсетуге тырысыпты.

Абай Отар, Egemen Qazaqstan газетінің шолушысы:

Бұл конкурс туралы бұрыннан естіп жүрмін. Бұған дейін бірнеше рет тапсырғанмын, жолымыз болмады. Бүгін сәтін салып бас жүлдеге ие болдым. Астананың қалай қалыптасқаны, оған кімнің еңбек сіңіргені, архитектурасы, Норман Фостер туралы жазған материал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде