{metadescription}
«Саз сиқыры» – Балалар үйлеріне жаңажылдық сыйлық
«Саз сиқыры» – Балалар үйлеріне жаңажылдық сыйлық

«Саз сиқыры» – Балалар үйлеріне жаңажылдық сыйлық

Жақсылықтан жарысайық! Елімізде тағы төрт бірдей Балалар үйіне жаңажылдық сыйлық жасалады. Өңірдегі 300-ден аса ата-ана қарауынсыз қалған жеткіншек «Саз сиқыры» қайырымдылық фестивалінің арқасында өздері армандаған затына қол жеткізе алады.

Шараға «Дегдар» қайырымдылық қоры мұрындық болып отыр. Ал елордада осы жобаның бір бөлігі саналатын үлкен ән кеші өтті. Салтанатты кешке елге танымал опера әншілері мен атақты өнер ұжымдары қатысты.

Жаңа жыл қарсаңында жақсылық жасауға ұмтылатын жоба биыл төртінші рет өткізіліп жатыр. Мақсаты – жетім балаларға материалдық қолдау көрсетіп, кішкентайлардың рухани әлемін байыту. Биыл да ауылдағы елдімекендерде орналасқан төрт балалар үйіне көмектесу көзделген. Осыған орай өткізілген салтанатты шараға орталықтардың басшылары арнайы шақырылды.

Гүлсара Ботатаева, Атырау облысы отбасы үлгісіндегі балалар мен жасөспірімдер үйінің директоры:

- Биыл да осы жылдың аяғында «Дегдар» қорынан хабарласып, балалардың  жаңа жыл қарсаңында қалаған сыйлық алуға мүмкіндігі бар екенін айтқанда, біз қатты қуандық. Қазақстан бойынша жылда есепте тұрған әрбір балалар үйіндегілер армандаған сыйлықтарын алуға мүмкіндік алғаны өте тамаша деп ойлаймын.

Ұйымдастырушылар балалардың өз сұрауына қарай жаңажылдық сыйлықтар әзірлеуде. Ал екі бөліктен тұратын концерт бағдарламасы көрерменді тәнті етті. Бай безендірілген сахна көздің жауын алып, атақты әншілер шырқаған әуені айналаны нағыз ертегі әлеміне айналдырды.

Дариға Мұсаева, опера әншісі:

- Жобада алғаш өнер көрсетіп жатырмын. Өз басым қатты қуаныштымын. Өйткені өзге мерекелік шаралармен салыстырғанда бұл кештің ерекшелігі мол. Себебі, қайырымдылық жасау ретінде талантынды паш еткенің бөлек сезім. Өзіңнің өзгеге қуаныш сыйлап, балаларға қуаныш сыйлай білу, пайдаңды тигізу ерекше бақыт. 

Жобада балалар армандаған заттарын Аяз атаға бір ай бұрын жазып қалдырады. Арасында ұялы телефон, велосипед, самокат, планшеттерге дейін бар.

Лаура Ахметова, «Дегдар» қорының директоры:

Ғажайып жасау әрқайсысымыздың қолымыздан келеді. Бәріміз біріксек, алынбайтын қамал жоқ. Есесіне нағыз қолдауға, жылуға мұқтаж кішкентайларға қуаныш сыйлап, жанын жадырату нағыз мықтылардың ісі. Жаңа жылдан барлығымыз жақсылық күтеміз. Тек сыйлық алу ғана емес, сыйлық сыйлаудың өзі ғажап.

Қайырымдылық қаражат әлі де жиналып жатыр. Жақын күндері қордағы қаржыға алынатын сыйлықтар Павлодар, Тараз, Атырау және Қарағанды облыстарының Балалар үйіне жіберіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде