{metadescription}
Өзбекстанда жойқын жарылыстан екі адам өлді
Өзбекстанда жойқын жарылыстан екі адам өлді

Өзбекстанда жойқын жарылыстан екі адам өлді

Өзбекстанда жойқын жарылыстан екі адам қаза тапты. Бұдан өзге түрлі жарақат алған тоғыз адам ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға Денау қаласындағы сауда кешенінде болған.

Тұрғындарды шырт ұйқысынан оятқан дүмпу таңға жуық болған. Әуелі қатты жарылыстың дүмпуі естіліпті. Іле-шала екі қабатты сауда орталығының қабырғасы опырылып түсіп, алапат өртке ұласқан. Әзірге ғимарат ішінде нақты қанша адамның болғаны белгісіз. Құтқарушылар жарақат алған тоғыз адамды жедел түрде ауруханаға жөнелткен.

Іздестіру кезінде үйінді астынан екі адамның мәйіті табылды. Болжам бойынша жойқын жарылысқа газ құрылғыларын қолдану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамау себеп болған. Қазір оқиға орнында жүрген құзырлы орган өкілдері тергеу жүргізіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде