{metadescription}
Алматыда тағы да тозығы жеткен жылу магистралі жарылды
Алматыда тағы да тозығы жеткен жылу магистралі жарылды

Алматыда тағы да тозығы жеткен жылу магистралі жарылды

Алматыда тағы да тозығы жеткен жылу магистралі жарылды. Құбырдан атқылаған ыстық су лезде маңайға жайылып, ыстық будан қарыс жер көрінбей қалды.

Төтенше жағдай қаладағы ірі даңғылдардың бірі саналатын Рысқұлов пен Жансүгіров көшелерінің қиылысында болып, көлік қозғалысы тұралады. Апатқа, әдеттегідей құбырдың әбден ескіруі себеп.

- Рысқұлов көшесінде асфальт көтеріліп жатыр. Мынадан басталған, анау шетіне де басталған. Ортаны жарып жіберіпті. Рысқұлов көшесі толық жабылайын деп тұр. Масқара! Қазір атылады. Қараңдар!

Апат таңғы сағат 8 жарымда болған. Жылу магистралінің жарылуы таңғы қарбаласта дәл жолайрықтың жанында болып, көлік қозғалысын одан әрі тежеп, жұмысқа бара жатқан жұртты әбігерге салды. Айналаны қою бу басып, жарылған құбырды жөндеуге келген мамандардың жұмысын да қиындатты. Көп ұзамай жақын маңдағы көпқабатты үйдің тұрғындарына басқа су құбыры арқылы жылу мен ыстық су берілді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Алматы жылу жүйесінің бригадасы ескі құбырдың жарылған жерін ғана жамап, қайта пайдалануға бермекші. Жылда жылу маусымына «сақадай –сай дайынбыз» дейтін жауаптылар қаладағы жылу магистралінің көнергенін мойындап отыр.

Наталья Инкина, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС баспасөз хатшысы:

- Магистралды жылу құбыры 1984 жылы пайдалануға берілген. Жазда жылу маусымы басталар тұста барлығы тексерістен, сынақтан өткізілген. 22:00-ге дейін апат орны жөнделіп ретке келтіріледі. Негізінен қаладағы жылу жүйесінің 62 пайызының тозығы жеткен. Алайда барлығын бірдей ауыстыру мүмкін болмай, жыл сайын 40 шақырымын жаңалап отырамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.