{metadescription}
Қауіпті аурулармен жұмыс істейтін дәрігерлерге де үстемақы төленеді
Қауіпті аурулармен жұмыс істейтін дәрігерлерге де үстемақы төленеді

Қауіпті аурулармен жұмыс істейтін дәрігерлерге де үстемақы төленеді

Қазақстанда коронавирустан өзге қауіпті аурулармен жұмыс істейтін дәрігерлерге де үстемақы төленбек. Денсаулық сақтау министрлігі тұрақты төлемдерге қазынадан қаржы бөліп қойыпты. Кімге қанша ақша берілетіні желтоқсанда шығатын бұйрықта жария етіледі деді министр Цой.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Үстемақы коронавирусқа байланып қалмайды, бұл егер инфекциялық агенттермен, мысалы менингит, конго-қырым геморрагиялық қызбасы, тағы басқалармен жұмыс істесе. Инфекциялық аурулар ешқайда кетіп қалған жоқ қой. Олардың көбі коронавирустан да қауіпті. Үстемеақы алатын дәрігерлердің нақты тізімі бар. Біз әр санат бойынша кімге қанша төленетінін хабарлаймыз. Желтоқсан айында бұйрық шығып, толық ақпарат жария етіледі деп ойлаймын.

Қазақстан қауіпті ауруларға қарсы күреспен қатар штамдардың шығу дерегін де жіті зерттейді. Министр Цой Мәжілісте биологиялық қауіп-қатерлерді ерте анықтауға мүмкіндік беретін заңды таныстырды. Шенеуніктер мен депутаттар ел тарихында алғаш рет әзірленген маңызды құжат инфекциялық аурулардың алдын алатынына сенімді.

Зертхана елімізде 2026 жылға қарай Жамбыл облысының Гвардейский кентінде салынады. Нысанның қажеттілігі туралы ел билігі біраз уақыттан бері қозғап жүр. Әлемді жайлаған коронавирус оған әсер еткендей. Қазір  Қазақстан вирустың таралуы бойынша «жасыл» аймақта. Эпидахуал тұрақты. Алайда еліміздің бас дәрігерінің алдағы мерекелік демалыстарға қатысты қорқынышы басым.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Бұл ретте өзімізді қолға алып, корпоративтерге, үлкен іс-шараларға бармағанымыз абзал. Өйткені мұндай орындарда вакцина салдырғаныңызға қарамастан ауру жұқтыру қаупі жоғары. Қоғамдық тамақтану орындары инфекция жұқтырудың негізгі ошағы болып саналады. Себебі, мұнда адамдар бетпердесін шешіп, бір-бірімен ұзақ уақыт өткізеді, әлеуметтік арақашықтық сақталмайды. Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл сынды мерекелер бар. Егер коронавирус қайта өршісе, қайтадан қандай да бір қосымша шектеу шараларын енгізуімізге тура келеді. Мұның алдын алуға болады, бәрі өз қолымызда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде