{metadescription}
Қарағанды тұрғыны мен полицейлер арасындағы ерегес
Қарағанды тұрғыны мен полицейлер арасындағы ерегес

Қарағанды тұрғыны мен полицейлер арасындағы ерегес

Қарағандыда қала тұрғыны мен полицейлер арасындағы ерегестің бейнежазбасы желіде қызу талқыланып жатыр. Видео авторының айтуынша, тәртіп сақшылары оны көшеден ұстап алып күштеп әскерге жібермек болған.

- Сіз маған қол жұмсап тұрсыз, дұрыс па?

- Сізге ешкім қол жұмсаған жоқ, қателеспеңіз.

- Сіз мені ұстаған жоқсыз ба?

- Ұстадым, қатты ұстаған жоқпын.

- Жыртқан жоқпыз, күртеңізді.

- Жыртқан жоқсыз, ал жыртсаңыз ше?

Жас жігіт бейнжазбаны желіге жариялағанда, полиция қысым жасап, күртешесін жыртқанын айтқан. Бірақ оның сырт киімінің бүлінбегені бейнетаспадағы әңгімеден анық білінеді. Сөйтсе полицейлер қорғаныс істері жөніндегі департаментпен арнайы рейдке шыққан екен. Онда Отан алдындағы борышын өтеуден қашып жүргендерді анықтап, сұхбат жүргізіледі. Әскери комиссариатқа келу туралы хабарлама беріледі. Бөлімшеге ешкім жеткізілмейді. Таспаға түсіріп елді дүрліктірген азамат бұл әрекетке неге барғанын олар да түсінбейді.

Бақытжан Құдияров Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы:

- Ол полицияға өзіне арандату әрекеттерге барып, яғни күртемді жыртты деп бейнежазба жариялаған. Алайда бұл ақпарат ешқандай шындыққа жанаспайды. Айта кету керек, тек қана Қазыбек би ауданы бойныша 1200 адам әскерден жалтарып, Отан алдындағы борышын өткеруден қашып жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде