{metadescription}
Төбелесті тоқтатам деп, қылмыстық жауапқа тартылды– Орал
Төбелесті тоқтатам деп, қылмыстық жауапқа тартылды– Орал

Төбелесті тоқтатам деп, қылмыстық жауапқа тартылды– Орал

Оралда 33 жастағы азамат қала ортасындағы топтық төбелесті аңшы мылтығымен тоқтатты. Ол жанжалдасып жатқан бір топ жігітке қарата оқ атқан. Абырой болғанда жапа шеккендер жоқ.

Алайда төбелесті тарқатам деген қару иесі енді қылмыстық жауапкершіліктен оңай құтылмайтын сыңайлы. Қақтығыс қала ортасындағы дәмхана алдында болған. Екі тарап алдымен сөзге келіп, кейін жаға жыртысқан. Сәлден соң мылтық кезенген азамат оқ атқанда, топтасқандар тым-тырақай жан-жаққа қаша жөнеледі. Осы сәтте оқиға орнына тәртіп сақшылары сау ете қалған. Олар қару кезенген жігітті сабасына түсірді. Полицияның мәліметінше, аңшы мылтығы ресми тіркеуге алынған екен.

Лунара Аманғалиева, БҚО ПД баспасөз қызметінің маманы:

- Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу келіп, осы іске қатысы барларды ұстады. Төбелеске қатысушылар бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылды. 1988 жылы туған Б. есімді азаматқа қатысты қалада оқ атқаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және оның қаруы тіркелген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.