{metadescription}
Атбасарда атылған қаңғыған иттер жұрттың зәресін ұшырған
Атбасарда атылған қаңғыған иттер жұрттың зәресін ұшырған

Атбасарда атылған қаңғыған иттер жұрттың зәресін ұшырған

Атбасарда қаңғыған иттерді қынадай қырғандар өлекселерді далаға тастап кеткен. Әр жерде шашылып жатқан төрт аяқты мақұлықтарды тұрғындар ұялы телефонға түсіріп алған.

Әлеуметтік желіге тараған видеода өлекселер көмусіз шашылып жатыр. Ақ қарда қанжоса болып жатқан иттерді мылтықпен атқан. Тіпті кейбірінің денесінде дәрі салынған ине шаншылып жатыр. Мұны көрген тұрғындар төрт аяқты мақұлықтарды не үшін қырып салғанын түсінбеуде.

Иттерді арнайы рұқсаты бар ветеринария инспекция өкілі атқан екен. Олар бұл бейнежазбаны көріп өздері таң қалған. Айтуларынша, Атбасар қаласы тұрғындарынан қаңғырған иттер көбейді деп күніне 50 шақты шағым түседі. Мемлекеттен әрбір иесіз иттің көзін жоюға 2 жарым мың теңге бөлінеді. Биыл осы мақсатқа облыс бюджетінен 39 миллион теңге жұмсалыпты. «Сондықтан әр тиынның есебін беріп комиссияға көрсету үшін өлекселерді жинап қойғанбыз», - деп ақталды жауапты қызмет басшысы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде